«АлЭС» АҚ тарифтерінің өзгеруі

«Алматы электр станциялары» Акционерлік Қоғамы Алматы қаласы бойынша № 20.12.13 жылғы №260-ОД және Алматы облысы бойынша 20.12.13 жылғы № 398-ОД табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігінің департаменттерінің бірлескен бұйрығымен бекітілген, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап құбырлары арқылы су беру қызметі үшін ҚҚС-сыз 58,44 теңге/м3 енгізу туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына жеткізеді.
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабынының 24-тармағына сәйкес «Құбырлар арқылы су жеткізу» қызметі бойынша төтенше реттеуші шаралар ретінде тарифті бекітуге себеп болған, «Бастау» МКК су жүйесінің қызметтеріне тарифтің айтарлықтай (2,5 есе) ұлғаюы.

«Алматы электр станциялары» Акционерлік Қоғамы Алматы қаласы бойынша № 20.12.13 жылғы №261-ОД және Алматы облысы бойынша 20.12.13 жылғы № 399-ОД табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының агенттігі департаменттерінің бірлескен бұйрықтарымен бекітілген, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап жылу энергиясын өндіру үшін қызмет көрсету бойынша ҚҚС қоспағанда 2 622,71 теңге/Гкал тарифті енгізу туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына жеткізеді.

Жылу энергиясын өндіру қызметтеріне арналған төтенше реттеуші шаралар ретінде тарифті бекіту, стратегиялық тауар яғни отынның құнын арттыруымен байланысты. Бекітілген тарифтік сметадағы бағасымен салыстырғанда отын бағасының өзгеруі мынадай болып шықты:

-         жағылатын мазут 37,7%-ға;

-         байытылған көмір, Қарағандық - 8,5%-ға;

-         шикізат көмір, Екібастұздық - 6,9%-ға;

-         табиғи газ - 1,8%-ға өзгерді.