«АлЭС» АҚ: Энергетик Күніне арналған марапаттау рәсімі

«АлЭС» АҚ Энергетик күнін мерекелеу құрметіне 2013 жылдың нәтижесі бойынша үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтті.

Энергетиктерге құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов, даму жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары Ғалым Жанбыршы тапсырды. Қоғам жұмыскерлерін құттықтауға Алматы қ. әкімдігі өкілдері және энергетика саласының ардагерлері шақырылды.

Кәсіби мереке - Энергетик күні құрметіне «АлЭС» АҚ–тың 128 қызметкері марапатталды.

Ең жоғары награда – «Құрмет» орденімен Президент жарлығымен Даму жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары Жаңбыршы Ғалым Садуақасұлы марапатталды.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің алғыс хатымен Басқарма Төрағасы Мұхамед-Рахимов Нұрлан Тауфикович марапатталды.

«ТМД Электр энергетикалық кеңесінің еңбек сіңірген қайраткерлері» жоғары атағына 4 энергетик ие болды, олар: Басқарма Төрағасының кеңесшісі Аршимова Тамара Бахтжановна, 2-ЖЭО Басқарушы директоры Сабыркулов Бисембек Абенович, «Энергожөндеу» ӨЖК Басқарушы директоры Шанлакбаев Асхар Курматович, «Энергожөндеу» ӨЖК Басқарушы директорының орынбасары Тютебаев Сакен Суинбекович.

«Еңбегі сіңген энергетик Қазақстан Электрэнергетикалық Қауымдастығы» жоғары атағы 1-ЖЭО Басқарушы директоры Исахан Ақтанұлы Сырғабаевқа,  2-ЖЭО ӨТБ бөлім бастығы Сергей Петрович Табакаевке, Каскад ГЭС бас инженері Жақсыбек Тлеукенұлы Шоланбаевқа берілді.

«Ардагер энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» атағын беруге байланысты «Құрметті энергетик Қазақстан Электрэнергетикалық Қауымдастығы» жоғары атағы Қоғамның 6 қызметкеріне берілді, олар: Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Байжанова Надежда Евгеньевна, 1-ЖЭО турбиналық цех бастығы Сарсембаев Мурат Хабрашитович, 3-ЖЭО станциядағы ауысым бастығы Романенко Виктор Михайлович, Қапшағай ГЭС Электрмашиналық цехының байланыс жөніндегі бас маманы Миллер Анатолий Викторович, БЖК қазан машинисі Белов Юрий Александрович, «Энергожөндеу» ӨЖК аға шебері Регер Владимир.

Қоғамның 6 қызметкері «Ардагер энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» атағына ие болды.

«KAZENERGY» Қауымдастығының медалімен Қоғамның 2 жұмыскерлері марапатталды.

Сонымен қатар, Қоғам қызметкерлері Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Құрмет грамотасымен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Электр энергетикалық кеңесінің Құрмет грамоталарымен, «KAZENERGY» Қауымдастығының Құрмет грамоталарымен, «Самұрық – Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының, «Самұрық–Энерго» АҚ, «Қазақстан Электрэнергетикалық Қауымдастығының Құрмет грамотасымен», «Алматы электр станциялары» АҚ құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, «KAZENERGY» Қауымдастығының, «Самұрық–Энерго» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ алғыс хаттарымен марапатталды.