«АлЭС» АҚ-та қоғамдық тыңдаулар өткізілді

2013 жылдың 10 желтоқсанында «АлЭС» АҚ-та «АлЭС» АҚ ГЭС Каскадын қайта құру және жаңғырту жөніндегі ТЭН-ды одан әрі дамыту» техникалық-экономикалық негіздемесі және алдын ала ҚОӘБ (қоршаған ортаға әсерді бағалау) бөлімі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді.

Қоғамдық тыңдауларға «Алматы қ. энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ, «Су ресурстарын пайдалануын реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш - Алакөл бассейндік инспекциясы» ММ, «Алматы қ. төтенше жағдайлар департаменті» ММ, «Нұр Отан» ХДП Бостандық аудандық өкілдігінің, «Эком» экология агенттігі» ЖШС өкілдері, «АлЭС» АҚ-тың басшылығы, БАҚ өкілдері және жергілікті тұрғындарқатысты.

«Қазгидро» ЖШС бас инженері И.Я. Вильковиский «АлЭС» АҚ ГЭС Каскадын қайта құру және жаңғырту» жөніндегі ТЭН бойынша баяндама жасады.

Ол, ГЭС Каскад құрал-жабдықтарының  техникалық  жағдайында және оның қайта құруының экономикалық мақсаттылығы бойынша өткізілген талдау қорытындыларында тоқтап өтті, ұсынылатын жабдықтардың параметрлері мен түрлерін және оларды орнату нұсқаларын келтіріп көрсетті. Алдын ала қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі ТЭН бойынша сөз сөйлеген «Эком» экология агенттігі» ЖШС бастығы И.В. Комаров, ГЭС-1 және ГЭС-2 қайта жаңарту жөніндегі шаралардың сипатына жобаның әсерін бағалауға деректерді әкелді.

Зерттеу мәліметтері бойынша, ҚОӘБ әзірленген барлық қажетті талаптарды сақтаған жағдайда, қоршаған ортаға әсер төмен болып танылады.

Талқылау барысында, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу қалалық басқарма сарапшыларына сұрақтар қойылып, толық қамтыған жауап алынды.