«АлЭС» АҚ 2013-2014 жылдардың жылыту маусымына дайындығы туралы Алматы қ. ТЖД брифингіне қатысты.

2013 жылдың 12 қарашасында «АлЭС» АҚ «2013-2014 жылғы жылыту маусымына дайындық туралы» және «Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыптары бойынша, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өткізген брифингке қатысты.  

Брифингке «АиТС» ЖШС, «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ, «АГС» ЖШС, «АТКЭ» ЖШС, Алматы қаласының әкімдігінің, Энергетика Басқармасының, Алматы қаласы ІІД және БАҚ өкілдері қатысты.

«АлЭС» АҚ атынан Өндіріс жөніндегі Басқарма Төрағасының Орынбасары – Бас инженер Газий Исмухамбетов брифингке қатысты. Ол айтқандай, бүгін «АлЭС» АҚ барлық энергия көздерінде жоспарланған жүктемелерді көтеруге дайын жабдықтардың, яғни 18 энергетикалық және 19 су жылытатын қазандар, 13 бу турбиналары, 20 гидротурбиналарының қажетті саны бар, пайдалануға қажетті отын қоры жиналған – 514 мың тонна көмір, 45 мың тонна мазут. 2013 жылдың 30 қазанында 2013-2014 жылдар аралығындағы күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа энергия өндіретін ұйымдарының әзірлігі Паспорты берілді.