«Алматы электр станциялары» АҚ-та республикалық және аймақтық БАҚ журналистеріне арналған баспасөз туры өтті

24 қыркүйекте Алматы қ. ТМРАД АҚ бастамасымен «Алматы электр станциялары» АҚ облыстық және республикалық БАҚ журналистеріне арналған баспасөз-турын өткізді.

Журналистер мен Алматы қ. ТМРАД өкілдері Алматы облысының негізгі электр станциясын -Алматы 2-ЖЭО барып қайтты.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне энергетиктердің жұмыс ерекшеліктерін тек өз көздерімен көрмей, сондай-ақ 2009-2013 жылдарға арналған «АлЭС» АҚ-тың инвестициялық міндеттемелерді орындау процесін түсінуге, олардың барлық сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік берілді.

 «Егемен Қазақстан», «Кешкі Алматы», «Капитал», «Алматы Ақшамы», «Мен бір сатып алушымын және иесімін» газеттер журналистері, «Қазақстан» теледидар және радио компаниясының журналисттері қазандық бөлмесінде, турбина және қазандық цехтарында, градирняларда, 2-ЖЭО негізгі басқару панелінде болды.

БАҚ тілшілерінің сұрақтарына жауап бере отырып, Басқарма Төрағасының орынбасары - бас инженер Газий Исмұхамбетов презентация барысында «АлЭС» АҚ-тың инвестициялық бағдарламасының қалай орындалғанына жеке көңіл бөлді. Атап айтқанда, «АлЭС» АҚ 2009-2012 жж инвестициялық міндеттемелері 51727,6 млн. теңгені (ҚҚС-ны есепке алмағанда) құрады және келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

-       Өндіріс көлемін ұлғайтуға мақсатындағы шараларға – 31,0%;

-       Өндірістің ағымдағы деңгейін қолдауға – 33,1%;

-       Табиғатты  қорғау шараларына  – 15,0%;

-       Күл  қоймасы құрылысына  – 17,8%;

-       Өндіріс шығынын азайту мақсатындағы шараларға  – 3,1%.

Аталған шаралардың жүзеге асырылуы жылумен қамтамасыз ету сенімділігінің күшеюіне және электр энергиясын  өндіру көлемінің артуына әкелді.

Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту және қоршаған ортаға зиянды заттарды шығару көлемін азайту мақсатында,1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО департаменттерінде күлтұтқыш құрылғыларын орнату мен жандырғыш құрылғыларын жаңғыртуға бағытталған шаралар өткізілді.

Жыл сайын апаттық жағдайларды болдырмау үшін негізгі және қосалқы құрылғыларында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарының орындалуы құрылғылардың апат салдарынан тоқтау деңгейін төмендетті.

«АлЭС» АҚ инвестициялық міндеттемелерінің жүзеге асуы Алматы қаласы мен Алматы өңірін электр және жылу энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алдағы күндері, баспасөз тур қорытындысы бойынша телевизиялық әңгімелер жаңалықтар бағдарламаларында шығады, газет мақалалары дайындалады.

Алматылықтар журналистердің көздерімен «АлЭС» АҚ инвестициялық міндеттемелері қалай орындалатынын біле алады.