«АлЭС» АҚ қызметкерлерінің балалары балалар суреті байқауының «Болашақ энергиясы» санатында 1 және 2 жүлделі орындарға ие болды

Осы жылы алғаш рет «Самұрық-Энерго» АҚ  компаниялар тобының қызметкерлерінің балалары арасында суреттер байқауы өтті. Конкурс үш жас санаттары бойынша өткізіледі: 8 жасқа дейінгі, 8 жастан 12 жасқа дейін, және 12 жастан бастап 16 жасқа дейінгі балалар арасында өтеді. Әрбір жас тобының өз тақырыбы бар. Кішкентай балаларға– «Спартакиада», екінші жас саната - «Еңбек әулеттері», жасөспірімдерге арналған тақырып - «Болашақ энергиясы». Жұмыстар «қарындаш», «май», «акварель» сияқты түрлі техникада жасалған.

Конкурста 11 кәсіпорындары қызметкерлерінің балалары қатысты, атап айтқанда: «Самұрық-Энерго» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Балқаш ЖЭС» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Шығысэнерготрейд» ЖШС, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Богатырь көмір» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ, «ШҚ АЭК» АҚ мен «Ақтөбе ЖЭО» АҚ.

12 жастан 16 жасқа дейінгі «Болашақ энергиясы» санатында, «АлЭС» АҚ қызметкерлерінің балаларык мынадай жүлделерге ие болды:
1-ші орын - Сералиева Саадат (16 жас). Ол дипломмен және бағалы сыйлық смартфонмен марапатталды;
2-ші орын - Виницкая Валентина (16 жас). Ол диплом және құнды сыйлық фотокамераға ие болды.

«АлЭС» АҚ Даму жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары Г.С.Жанбыршы балаларды құттықтап, конкурсқа қатысқан әрбір балаға «АлЭС» АҚ кәсіподақ атынан сыйлық берді. Концерт бағдарламасына «АлЭС» АҚ кәсіподақ Төрағасы В.М.Ситдиков, «АлЭС» АҚ жастар ұйымы «Жарқын болашақ» қатысты. Сонымен қатар шәй ішу ұйымдастырылды. Әрбір бала қуаныш пен бақыттанжарқыраған болатын