«АлЭС» АҚ-та 2012 жыл бойынша ҚР ИЖТМ алдында инвестициялық Келісімшартты орындау жөніндегі нәтижелері бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді

«АлЭС» АҚ-та 2013 жылдың 23 сәуірінде ҚР ИЖТМ-мен 2012 жыл келісімді іске асыру нәтижелері бойынша қоғамдық тыңдауы тұтынулышар мен басқа мұдделі тұлғалар алдында өткізілді.

Қоғамдық тыңдауға өкілетті және мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың, қоғамдық  бірлестіктердің,  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  өкілдері,  тәуелсіз сарапшылар және т.б. қатысты.

«АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Н. Т. Мұхамед-Рахимов есептік 2012 жылғы Қоғам қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері бойынша, 2012 ж. инвестициялық міндеттемелерді орындау және орындалған шаралар, Қоғамның 2013 жылғы қызметінің болашағы бойынша есеп берді.Талқылау сындарлы болды. Ұсыныстар мен ұсынымдар «АлЭС»  АҚ-тың одан әрі қызметінде ескеріледі.