«АлЭС» АҚ қызметі жөніндегі жыл сайынғы 2012 жылғы есеп беруі бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді

2013 жылы 19 сәуірде «АлЭС» АҚ тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалар алдында жылу энергиясын өндіру және магистральді құбырлармен су беру (химиялық тазартылған су дайындау) қызметтеріне арналған тарифтік сметаны орындау жөніндегі 2012 жылғы есеп беру бойынша тыңдау өткізілді.

Қоғамдық тыңдауға Алматы қаласы бойынша ТМРАД басшысы,  Алматы қаласы бойынша ТМРАД тәуелсіз сарапшылары, Алматы қ. ардагерлер кеңесінің өкілдері, «Алматы жылу желілері» ЖШС өкілдері, «АлЭС» АҚ басшылығы мен қала тұрғындары қатысты.

Инвестициялық бағдарламаны орындау бойынша және 2013 есептік жыл ішінде «АлЭС» АҚ негізгі қаржы-шаруашылық қызмет көрсеткіштері бойынша толық есеппен АҚ Басқарма Төрағасы Н. Мұхамед-Рахимов сөз сөйледі. Талқылау барысында тыңдау қатысушыларымен сындарлы ұсыныстар берілді.