«АлЭС» АҚ халықаралық стандарттар сертификаттарына ие болды

2013 жылдың 31 қаңтарында «ARG Group LTD» ЖШС аудиторларымен халықаралық стандарттар сертификаттары табыс етілді:

1)  ISO 9001 сапа менеджменті жүйесі;

2)  ISO 14001 экологиялық менеджмент жүйесі;

3)  жұмыс орнында денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған басқару жүйесі OHSAS18001.

2012 жылдың қараша айында «АлЭС» АҚ сертификатталған аудиттен сәтті өтті. «АлЭС» АҚ-тың басқару жүйесінің аудит қорытындысы бойынша ол халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жүйе ретінде бағаланды.