Айтқали Жақұтовтың, КСРО-ның құрметті энергетигі және КСРО энергетикасы мен электрлендіру ісінің үздігінің, бүкіл еңбек қызметі Алматы энергетика жүйесінің дамуымен байланысты болды.

 

smi-2

Өз еңбегін Айтқали Жақұтов Алматының ЖЭС-1 инженер, турбина цехының шебері, станцияның кезекші шебері болып бастады.
1967 жылы ол Алматының жылу жүйесі кәсіпорнының директоры болып тағайындалды.

1973 жылы Айтқали Жақұтұлы «Алматыэнерго» аудандық энергетикалық басқармасының (АЭБ) меңгерушісі болып тағайындалды. 1974 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің қаулысымен оны Қазақ ССР Энергетика министрлігі алқасының мүшесі ретінде бекітті.
Айтқали Жақұтұлының ұйымдастырушылық қабілеті жоғары және тапсырылған жұмысқа деген жауапкершілігі ерекше болатын. Оның осы қасиеттері 1973 жылы Медеу сел тасқынынан қорғайтын бөгеттің аймағында орын алған апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын орындау кезінде айқын көрінді. Ол кезде көрсеткен жанкештілігі мен жұмысты сәтті ұйымдастырғаны үшін Айтқали Жақұтұлы Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің грамотасымен марапатталған болатын.

Оның басқаруымен Алматы, Қапшағай қалаларындағы жылу жүйелері дамуын жалғастырды. Жоғары вольтты желілер қолданысқа берілді, Алматы ГРЭС-ның, Қапшағай ГЭС-ның құрылыстары аяқталды. Айтқали Жақұтұлының тікелей қатысуымен Алматы ЖЭС-2 бірінші кезегінің құрылысы мен қолданысқа берілуі жүзеге асты. Осы маңызды энергетикалық нысан Алматы мен облысты энергиямен және жылумен сенімді әрі үздіксіз қамтамасыз ету ісінде шешуші рөл атқарды.

Айтқали Жақұтұлының есімі «Ресей энергетикасы» энциклопедиясына енгізілді.

ЖЭС-2-де ескерткіш тақтаның ашылу құрметіне арналған салтанатты митингіге «АлЭС» АҚ басшылығымен Айтқали Жақұтұлымен байланысты өмірде болған оқиғаларды, оның ұйымдастырушылық қабілеті мен тапсырылған жұмысқа деген жауапкершілігін еске алған энергетика ардагерлері жиналды. Кездесуде құрметті энергетиктің отбасы да болды. айтқали Жақұтұлының балалары да әкесінің ізін басып, өз өмірін энергетикамен байланыстырған.

Сөзін аяқтай келе, отбасы мүшелері Айтқали Жақұтұлының ел алдындағы еңбегі еленгені үшін алғысын білдірді.

Ирина ТУЛИНОВА

«Кешкі Алматы» газеті, 2013 жыл, 10 тамыз, №102