Р. Ивахникованың «Миллиардтармен жылырақ болар» атты мақаласына жауап

Р. Ивахникованың «Мегаполис» газетінде 26.11.2012 шыққан №46  «Миллиардтармен жылырақ болар» атты мақаласы. «ЭнергоСараптама Орталығы» ЖШС берген «Алматы электр станциялары» АҚ-тың «үстеме пайдасы» туралы 2010 жылдың  тұжырымы қайта талқыланды. Аталған тұжырым бойынша 2010 жылы Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігінің жанындағы Сарапшылық кеңестің мүшелері тұратын жұмыс тобы құрылды, оның қорытындысы бойынша «ЭнергоСараптама Орталығы» ЖШС сарапшысымен жасалған есептер қате болып шықты, ал 17 млрд. теңге көлеміндегі «үстеме пайданы» анықтау кезіндегі есеп бекітілген тарифтерге сәйкес келмейтін, сарапшымен дербес анықталған тарифтер негізінде жүзеге асырылды. Сонымен қатар 2010 жылдың қарашасынан бастап 2011 жылдың мамырына дейін Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігі салалық Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен, Ш.Ч.Чокин академигі атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу институтымен, «Қазақэнергосараптама» АҚ, «Ernst & Young» ЖШС халықаралық сараптама мекемесімен бірге «Алматы электр станциялары» АҚ-та жан-жақты тексеру мен аудит өткізді. Тексерулер және аудит нәтижесінде реттелетін қызметтерге бекітілген тарифтердің деңгейі дәлелденді, ал 2007-2009 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметаларын орындау кезінде ауытқулар анықталмаған. «Алматы электр станциялары» АҚ бүкіл алынған табысы жаңа құрылысқа, кеңейтуге, жөндеуге, жаңартуға, қолданыстағы активтерді қолдауға, қайта жаңартуға, өндірістік активтерін техникамен қайта жарақтандыруға жіберілді. Артығырақ айтқанда, табиғи монополия субъектісі болып табылатын «Алматы электр станциялары» АҚ қызметі Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының агенттігінің, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бақылауында және есеп беруге міндетті. «Алматы электр станциялары» АҚ қаржылық есептілігі жыл сайын БАҚ-та жарияланады, жүйелі түрде қоғамның қызметі туралы қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.

Осылайша. Р. Ивахникованың мақаласында шындыққа сәйкес келмейтін,  мемлекеттік органдардың, халықаралық сараптама ұйымдарының, ғылыми-зерттеу институттарының көптеген тексерулермен жоққа шығарылған материалдар қолданылды.