Энергетиктер балаларының демалысы үшін «Эдельвейс» балаларға арналған сауықтыру лагерінде жаңа маусымының ашылуы.

Міне балалар асыға күткен жазғы демалыстар да келді. 2012 жылдың 25 маусымындаэнергетиктер балаларының демалысы үшін «Эдельвейс» атты балаларға арналған сауықтыру лагері балаларға өз есігін ашты.

Биыл бірінші ауысымда 111 бала кірді. Іс-шаралар үш ауысымда жүзеге асырылатын болады. 1-ші ауысым – 25 маусым мен 9 шілде аралығында, 2-ші ауысым – 12 шілдеден 26 шілдеге дейін, ал үшінші ауысым 2012 жылғы 30 шілде мен 13 тамыз аралығында өтеді.

Міне біздің сүйкімді балалар келе жатыр. Саппен және ұран айтып балалар жасақтары тәлімгерлер басшылығымен салтанатты линейкаға бара жатыр. Лагердің салтанатты ашылуына шақырылған қонақтар арасында ата-аналар ғана болған жоқ. Ашылу рәсіміне «АлЭС» АҚ барлық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары келді. Балалар мен қонақтарға «Энергия» Кәсіподағы» ҚБ Төрағасы С.Ж. Турожанов құттықтау сөздерін жолдады: «Бүгін біздің «Эдельвейс» лагерімізде балалар үшін демалыстың бірінші маусымы ашылады. Бұл үшін сіздер өте жақсы дайындалып келдіңіздер. Осында болғандарыңызға 4 күн болды. Бір-біріңізбен жақынырақ танысуға үлгердіңіздер. Лагерь қызметкерлері сіздер жақсы жайғасып, жақсы тамақтануыңыз үшін бар күштерін салды. Сіздер толық және белсенді демалу үшін жақсы жағдай жасалған. Сондықтан сіздерге ең алдымен жақсы демалу, күш жинау, жаңа дос табуды тілеймін. Мейрамдарың құтты болсын, балалар!

Мерекелік шараның ресми бөлігі балалар өздері ұйымдастырып дайындаған салтанатты концертімен аяқталды. Балалар сахнаға шығып ән айтты, би биледі, түрлі музыкалық аспаптарда ойнады, әртүрлі гимнастикалық жаттығулар жасады. 

Алайда маусымның ашылуы осымен аяқталған жоқ. Кешке, жатар алдында, балалар, пионер кезінде болғандай, үлкен «пионер» алауының жанына дөңгелене отырады.