«Алматы электр станциялары» АҚ «Сенiм» атты конкурста «Жылдың ең үздік кәсіпорны» номинациясы бойынша І орын алды.

2012 жылдың 28 сәуірінде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аталып өтеді. Осы күнге «Алматы электр станциялары» АҚ лайықты бағаға ие болды.

Астанада (2012 жылдың 26-27 сәуірінде) Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі «KIOSH-2012» халықаралық конференция мен көрмеде «Алматы электр станциялары» АҚ «Халықаралық қаржы-экономикалық даму орталығы – Қазақстан» ЖШС-мен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен жүзеге асырылған «Сенім» конкурсында«Жылдың ең үздік кәсіпорны» номинациясы бойынша І орын алды