Мерейтой құтты болсын!

Қадыржанов Алтай Қамалұлы 70 жасқа толды! – «Алматы электр станциялары» АҚ қызметкерлері Сізді өміріңіздегі тамаша күнімен шың жүректен құттықтайды.

Сіздің бүкіл өміріңіз бен еңбек қызметіңіз Қазақстанның энергетикалық саласын дамытуымен байланысты.

Көптеген жылдар бойы Сіз Алматы 1-ЖЭО бас инженері болып, «Алма-Атаэнерго» РУЭХ бас инженері, «Алма-Атаэнерго» ПОЭЭ бас директоры болып жұмыс істедіңіз.

Алматы қаласын, Алматы және Талдықорған облыстарынэлектр және жылу қуатымен қамтамасыз ететін республиканың ең ірі энергетикалық жүйесінің

лайықты көшбасшысы болдыңыз.

Сіздің энергетиктердің жас ұрпақтарына қалдырған бай өмірлік және кәсіби тәжірибеңіз Қазақстан Республикасының энергетика саласының дамуына ең жақсы қызмет етеді. Сіздің еңбек жолыңыздың әр күні – рухы күшті адамның, дарынды энергетиктің және басшының өмірбаянындағы жолы

Алмай Қамалұлы, Сіздің еңбекқорлығыңыз, шығармашылық қызметіңіз, кәсіпқойлығыңыз, ау0ымды ойлауға қабілетіңіз, ұйымдастырушылық дағдылар, бауырмалдығыңыз, қызметкерлерге сергек қарауыңыз әртүрлі уақытта Қазақстанның энергетика саласындағы міндеттер мен мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. Сіз шынымен энергетиктердің өскелең ұрпақтары үшін эталон және үлгі болып табыласыз.

Осы шын мәнінде тамаша күні Сізге сарқылмас энергия, Сізге және Сіздің отбасыңызға бейбітшілік пен амандық-саулық, мықты денсаулық пен ұзақ өмір тілейміз