«АлЭС» АҚ-та ЭКЕАЖ іске қосылды

2011 жылдың 30 желтоқсанында «Алматы электр станциялары» АҚ-та  («АлЭС») өнеркәсіптік пайдалануға электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (ЭКЕАЖ) енгізілді.

2011 жылдың 28 желтоқсанында ЭКЕАЖ өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жөніндегі жұмыс комиссиясының акті негізінде «АлЭС» АҚ Қазақстан Республикасының көтерме сауда нарығының Жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесінің Тізілімінде («KEGOC456» АҚ) ОРЭ.05.0061-65.0016-2011 нөмірімен тіркелді.

Аталған жүйе «Электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қалыптастыру бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Энергетика және минералды ресурстар Министрлігінің бұйрығы (18.08.2004 жылғы №183) және «Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрі жетілдіру тұжырымдамасы туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы (18.08.2004 жылғы №190) негізінде қалыптастырылды. Жүйенің жалпы сомасы ҚҚС қоспағанда 231,5 млн. теңге құрады. ЭКЕАЖ құру бойынша жұмыстар «АлЭС» АҚ-та инвестициялық бағдарлама шеңберінде «Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесін бекіту туралы» Үкіметтің қаулысымен (10.03.2009 жылғы №277) қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асырылды.

ЭКЕАЖ енгізе отырып, «АлЭС» АҚ энергетика саласының озық үрдістерін қолдайды және белгілі бір мақсаттарды көздейді. Соның ішінде, алдын ала белгіленген уақыт аралығымен электр энергия санауыштарынан өлшем деректерін автоматты жинау, энергетикалық нарық субъектілеріне коммерциялық есеп бойынша ақпаратты уақтылы өңдеу және жеткізу; нақты уақытта «АлЭС» АҚ электр энергиясын нақты өндіру мен тұтынуды есепке алуды қамтамасыз ету;«АлЭС» АҚ-тың электр станцияларымен электр энергиясын өндірудің және тұтынудың жедел бақылауын қамтамасыз ету;«АлЭС» электр энергиясының өндірісін тұтыну бойынша есептемелерді қалыптастыру; қажетті ретроспективасы бар электр энергиясының өндірісі мен тұтыну туралы коммерциялық ақпаратты сақтау; жеткізушілер, тұтынушылар мен энергетикалық нарығының басқа да субъектілерімен коммерциялық төлемдер бойынша электр энергиясын саны туралы ақпаратты қалыптастыру; электр энергия ысыраптарын азайту: «АлЭС» жұмыс істеуі үшін электр энергия балансы мен қуаты жөнінде ақпарат қалыптастыру; электр энергия нарығының жұмысына қатысу үшін одан әрі даму кезіңде «АлЭС» АҚ-тың техникалық дайындығын қамтамасыз ету.

«АлЭС» АҚ-қа ЭКЕАЖ енгізу – компанияға қызметтің сапалы деңгейіне шығуға және ресурс шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік беретін энергия сақтау және энергия тиімділігі салаларындағы кезекті адым.