«Алматы электр станциялары» АҚ Қазақстан қор биржасында «Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар» санаты бойынша листинг процедурасынан өтті.

Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 26 желтоқсандағы шешімімен айналым мерзімі 3жыл, жалпы сомасы 6,2 млрд. теңге «Алматы электр станциялары» АҚ облигациялары KASE ресми тізіміне «Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар» санаты бойынша енгізілді.

Аталмыш облигациялардың шығарылымы «Алматы электр станциялары» АҚ бірінші облигациялық бағдарлама шеңберінде бірінші болып табылады.