«Алматы электр станциялары» АҚ Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлері мен интернационалист жауынгерлеріне салтанатпен құрмет көрсетті.

«Алматы электр станциялары» АҚ, Қоғамда әртүрлі уақытта жұмыс істеген және қазіргі уақытта еңбек ететін (122 адам) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлері мен интернационалист жауынгерлеріне атаулы қайырымдылық көмек көрсетті. Барлық департтаментерде мерекелік шаралар өткізілді: Өтеген батыр ауылының аудандық орталығындағы Жеңіс ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, 1-ЖЭО, Қапшағай ГЭС-те салтанатты жиналыстар,  3-ЖЭО және 1-ЖЭО-да мерекелік концерттер өткізілді және т.б. Мерекелік шараларға қатыса алмаған ардагерлерге қайырымдылық көмек олардың үйлерінде көрсетілді.