Алматы облысының электр және жылумен жабдықтау объектілеріне баспасөз-туры өткізілді

АЛМАТЫ. 6 қаңтар. КАЗИНФОРМ / Берік Бекмурзаев / - Барлық энергия жабдықтары 100 %-ға жөнделді, жөндеу шығындары 4,5 млрд. теңгеге шықты. «АлЭС» АҚ энергия көздерінің жасы – 31 жастан 76 жасқа дейін. Энергия көздерінің ағымдағы өндіру деңгейін ұстап тұру үшін 2011 жылы бекітілген кестеге сәйкес жөндеу науқаны толық жүзеге асырылды. Өндіру жабдықтарының апатсыз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында «АлЭС» АҚ энергия көздерінің пайдалану мұқтаждықтары үшін қажетті отын, химреагент және қосалқы бөлшектер қорлары жиналды. 454,1 мың тонна көмір және 43,4 мың тонна мазут айлық қорлары құрылды.

«АлЭС» АҚ-пен қуатты арттыруға бағытталған бірқатар басым стратегиялық жобалар белгіленді: 2-ЖЭО-да бойлер орнатылған жұмыс бөлмесі мен №8 қазандық агрегатын; 1-ЖЭО-да екі газ турбиналық блоктарын іске қосу; Кербұлақ ГЭС құру және т.б.

http://www.inform.kz/rus/article/2431146