Балаларға берілген ауыз ашар

Рамазан айының басталуымен «АлЭС» АҚ жастары қайырымдылық мақсаттарға қаражат жинау акциясын бастады. Алматылық энергетиктері көптеген әлеуметтік шараларға қатысады. Бірақ олардың сапарлары, сыйлықтары мен қарым-қатынасы «Perzent» мұсылман балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ерекше қуаныш сыйлады.

Бұл жолы энергетиктер балаларға мұсылман оразасы кезінде күн батқаннан кейін берілетін ауызашарды өткізуге келді. Жиналған сома – 670 мың теңгені құрады. Бұл ақшаға олар «Perzent» – тегі 43 балаға ауызашар жасап берді, сондай-ақ балалар үйінің өтініші бойынша кір жуғыш машинаны сыйға тартты.

– Компанияның көптеген қызметкерлерінің қолдауының арқасында біз бұл жобаны жүзеге асырдық, ол үшін барлығына өте ризамыз. Балалар тәрбиешісімен бірге ризашылықтарын білдірді. Біз олардың жауаптылығына, тәрбиесі мен мейірімділігіне тәнті болдық, – дейді персоналды даярлау бөлімінің бас маманы Айзада Тілеухан. – АлЭС жастары «Perzent» балалар үшін қайырымдылық кешкі ас ұйымдастыру идеясына үлкен қуанышпен қарсы алды. Біз кез-келген адамның қайырымдылық жасауға, көмек көрсетуге мүмкіндігі бар деп санаймыз. Әсіресе ата-аналары мен жақындары еліміздің ең кішкентай азаматтарына ауызашар беру өте сауапты іс.

Сонымен қатар, компаниядағы көптеген адамдар қайырымдылықты тек мереке күндері немесе қандай да бір себептермен ғана емес әр күні жасау орынды деп санайды. Сіз күнделікті өмірде рухани жылулық пен қолдау көрсете аласыз.

– Біз келгенде балалар өте қуанды, – дейді БЖК кадрлар секторының бас маманы Ақерке Иембергенова. – Мен балаларға аз болсын қамқорлық көрсетіп, олармен бірге уақыт өткізгенімізге қатты қуандым. Атмосфера өте жайлы болды, өйткені балаларға сөйлесу, көңіл бөлу өте қажет екенін білдік. Біз оларға қуаныш сыйлай алдық деп ойлаймын. Мен олармен сөйлескендегі бақытты сәтімді айтып жеткізе алмаймын. Сондықтан біз мұқтаж жандар үшін осындай іс-шараларды жиі ұйымдастырғымыз келеді. Осы Рамазан күндеріндегі барлық адамдарға махаббат, бейбітшілік пен жақсылық тілеймін!

Балалар үйі мұсылманшылықты ұстанады, мұнда ересек балалар ораза ұстайды. Сондықтан исламның барлық салттары бойынша ауызашарды өткізу, оларға ересек достардың келуі балалардың жадында ұзақ уақыт сақталып қалатын өте маңызды рухани оқиға ретінде қалады.

– Біз бұл игі іске үлес қоса алғанымызға қуаныштымыз, – дейді Әсет Әмірбеков, Б. Оразбаев ат. 1-ЖЭО жөндеу қызметінің бастығы, «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының төрағасы – Менің ойымша, егер әр адам қайырымдылыққа үлес қосса, онда әлем жақсы жаққа өзгереді. Біздің қазақстандықтарға жолдауымыз – әріптестеріңізбен осындай науқандарды жиі өткізіп тұрсаңыз. Бұл жастарды, барлық қызметкерлерді біріктіреді. Адамдарға қалай пайдалы болам деген ойды ешқашан ұмытпау керек? Шынында да, әлемде басқалардың көмегінсіз өмір сүру қиын адамдар әлі де көп. Мен науқанға қатысқан барлық қатысушыларға игі ортақ іске қосқан үлесі үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

«Perzent» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен алғаш рет кездескен энергетиктер үшін олармен қарым-қатынас көптеген эмоциялар сыйлады.

– Қайырымдылық науқанына қатысу тәжірибесінен өтіп, мен балалардың жүздеріндегі күлкіні көрдім, ішімнен қатты қуанып, марқайып қалдым, – дейді Дина Әбдімәжит, Б.Оразбаев ат. 1-ЖЭО жөндеу және табиғатты қорғау цехының инженер-технологы. – Осы игі іске қатысу маған өзімді қоғам үшін пайдалы әрі маңызды адам ретінде сезінуге мүмкіндік берді. Балалардың күлімсіреуі менің жүрегімде жарқын, ұмытылмас із қалдырды.

3-ЖЭО электр станциясының ауысым бастығы Владимир Саенко балалар үйінен ерекше сезіммен шықты.

– Осы кештегі ауызашарда үш жасар бала Ибрагиммен бірге аузымды аштым. Өз жасына қарамастан өте пысық бала екен. Біз онымен қазақ және орыс тілдерінде сөйлестік. Мұнда барлық тәрбиеленушілер екі тілде еркін сөйлейді, ал менің жүрегім толқып кетті – дейді Владимир эмоциясын білдіріп. – Әр түрлі жастағы көптеген балалар ата-анасыз қалған. Ал қуаныштысы балаға аз уақыт болса да сүйіспеншілік, қамқорлық пен көңіл бөлуге болады. Мен мұнда барлық балалардың бір-бірімен дос, бауыр екендігіне және бір-біріне қамқорлық жасайтынына назар аудардым. Олар үлкен отбасы сияқты өседі. Балалардың өмірге құштарлығы өте зор, көздері жанып тұр. Айтпақшы, менің осы жастағы қызым бар. Жақын арада келіншегім ұл босануы керек. Бірақ әйелім екеуміз көптен бері бір баланы асырап аламыз деп шештік, сол идеямызды жақын арада құдай қаласа іске асырамыз.

«Perzent» балалар үйіне барған сапарда көптеген қатысушылар толқыныста болды. Балалардан да қобалжыған біздің қызметкерлер шығар. Шынында да, көптеген ересектер үшін ата-анасының сүйіспеншілігі мен қамқорлығынсыз өсетін балалар әлемімен кездесу таңқаларлық жаңалық.

– Балалар ғимаратқа кіріп келгенде, біз қатты қобалжи бастадық, – дейді БЖК химиялық қызметінің инженер-технологы Әсем Сәдуақас. – Балалар бізге күшті эмоциялар сыйлады. Олармен сөйлесу қызықты болды. Жанып тұрған көздер мен олардың шынайы күлкілері менің есімде қалды. Балалар әрқашан қуануға және бар нәрсеге қанағаттануға болатынын көрсетті. Алла Тағала осы балалар үйін құрған және басқарған Әмина апайға зор денсаулық пен барлық игіліктерді берсін…

Балаларға барған сапардан қатысушылардың әрқайсысы кем дегенде бір ой түйіп қайтты.

– Мен осы тамаша шараға қатыса алғаныма қуаныштымын. Біздің қайырымдылық жобамыз оны дайындауға қатысқан «АлЭС» АҚ әріптестерінің қолдауының арқасында жақсы өтті, – дейді «Энергожөндеу» ӨЖБ 5-разрядты электрослесары Ақниет Айтқали. Балалардың жүздеріндегі күлімсіреуді көру керемет әсер қалдырды. Мен бұл керемет жобаға үлес қоса алғанымды мақтан тұтамын және бұл біздің қайырымдылық қызметіміздің бастамасы ғана екеніне сенімдімін. Осы іске қатысқан және бізді қолдаған барлық адамдарға рахмет!