«АлЭС» АҚ 2023 жылғы еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік жөніндегі жұмыстың қорытындысы шығарды

Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік жөніндегі кеңес «АлЭС» АҚ басшылығы мен өндірістік департаменттер директорларының қатысуымен өтті.

2023 жылы нөлдік жарақаттануға қол жеткізу бойынша орындалған іс-шаралар қаралды, өндірістік департаменттердің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын NEBOSH/IOSH халықаралық стандарты бойынша және «еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» курсы бойынша өндірістік персонал жұмысшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелеріне басшылар мен қызметкерлерді тарту деңгейін арттыру мақсатында 100% қамти отырып оқытылғанын ерекше атап өту керек.

Кеңесте қоғамда енгізілген еңбекті қорғау жөніндегі белсенді іс-шаралар – ұжымдық жауапкершілік, СТОП-КАРТА, бейнебақылау және оларды қолдану қаралды. «АлЭС» АҚ басшыларының Health&Safety саласындағы Vision Zero тұжырымдамасының қағидаларын ұстану жөніндегі міндеттемелері расталды.

Өндірістік департаменттер директорларының, ӨҚжЕҚБ бастығының еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі шаралар және 2024 жылға жоспарланған міндеттер туралы баяндамалары тыңдалды.

2024 жылға арналған еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы жұмысқа қатысты мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша «АлЭС» АҚ Басқарма төрағасы Е.К. Маширов оларды іске асыру бойынша нақты тапсырмалар берді.