Қытайлық компаниялармен серіктестік әлеуеті артып келеді

«АлЭС» АҚ құрылымдық бөлімшелерін стратегиялық жаңғырту аясында жыл басында бас инженер Жаңабек Әділханов пен Металл және дәнекерлеу қызметінің басшысы Юрий Шиханов Қытай Халық Республикасында іссапармен болды. Оның мақсаты – біздің компания үшін маңызды құрамдас бөліктер болып табылатын дәнекерлеу материалдарының, құбырлардың және қаңылтырдың өндірісімен және сапасымен танысу.

Іссапардың негізгі сәті Бейжіңдегі ірі қытайлық CNEEC электр компаниясының басшылығымен кездесу болды. Бұл компания үздік 225 халықаралық жеткізушілердің тізіміне енгізілген.

– Ақпарат алмасудан кейін тараптар Шанхайдағы дәнекерлеу материалдары зауыты мен Усидегі болат құбырларды шығаруға маманданған «Wuxi Huaguang» компаниясына баруды ұйғарды. Дәнекерлеу электродтары мен болат құбырлардың үлгілерін осы зауыттардың зертханаларында біріктіріп сынау үшін бердік, – деді бас инженер Жаңабек Әділханов.

Металл және дәнекерлеу қызметінің басшысы Юрий Шиханов сапардан алған әсерімен бөлісті:

– Алдын ала сынақтардың нәтижелері ұсынылған үлгілер мен қытайлық өндірушілердің сертификаттарының біздің сапа талаптарына сәйкестігін растады. Неғұрлым толығырақ талдау үшін қытайлық серіктестер өнім үлгілерін зерттеу үшін Металл және дәнекерлеу қызметінің зертханасына жіберді, оның нәтижелері бойынша өнімнің біздің талаптарға сәйкестігі туралы түпкілікті шешім қабылданады.

Wuxi Huaguang компаниясының өндірістік цехына баруға ерекше назар аударылды, онда «АлЭС» АҚ өкілдері оның Dongfang Boiler компаниясының қосалқы мердігері екенін білді, ол өз кезегінде А.Жақұтов 2-ЖЭО-ны қайта құруға қатысады. Бұл қытайлық серіктестердің энергетикалық жобаларды сапалы өніммен қамтамасыз етудегі әлеуетін растайды.

Қытайлық компаниялармен әріптестік орнату «АлЭС» АҚ энергетикалық нысандарын жаңғырту мен дамытудың жаңа перспективаларын ашады.