«АлЭС» АҚ жастары: Зорлық-зомбылыққа қарсы күресте бірге

2023 жылғы 5 желтоқсанда "АлЭС" АҚ "Жарқын болашақ" жастар ұйымының кездесуі өтті, оған компанияның әртүрлі бөлімшелерінен 41 қызметкер жиналды. Іс-шара "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы іс- қимылдың 16 күні" Халықаралық акциясы аясында өтті.

Кездесуде ұсынылған тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша Әлемдік және Қазақстандық статистиканың деректері көптеген әйелдердің алдында тұрған қатал шындықты көрсетті.

Б.Оразбаев атындағы ЖЭО-1 жас белсенділері тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін айқын көрсететін бейнеролик жасады. Компанияның әртүрлі бөлімшелерінің жігіттері идеяны қолдауға шешім қабылдады, оған өз үлестерін қосты. Бұл тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы бірлікті көрсетеді. Жастар қоғамды осы мәселеге назар аударуға және оның осындай көріністерімен бірге күресуге шақырады.

Жас түлектер, белсенді адамдар әйелдер құқығын қорғау үшін күресуге күш салғанда, бұл өзгерістерге күшті серпін береді. Бұл спен күрес тек құрбан болу ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғамның проблемасы, осыны есте сақтау керек.

Ынтымақтастық, қолдау, мәселелерді түсіну және оған белсенді қатысу – өзгерістердің кілті болып табылады.

Бейнелерді мына сілтемеден https://ales.kz/kz/component/nvideogallery/?view=nvideogallery көруге болады.