А.Жақұтов атындағы ЖЭО-2 химиялық цехында «Бір батареяның өмірі» атты әрекеттегі энергия командасын құру (тимбилдинг)

Қараша айының соңында станцияның химцехінде ерекше және бірегейлі іс-шара өтті. Бұл "Бір батареяның өмірі" тақырыбына арналған команда құру. Оған цехтың барлық қызметкерлері қатысып, бес команда құрылды. Олардың міндеті: пайдаланылған батареяларды жинау, сонымен қатар батареялардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зияны туралы материал дайындау және олардың жұмысын қорғау. Нәтижесінде берілген тапсырма бойынша 12 кг батарея жиналды, бұл станция экологтарына берілді.

"Күндізгі қызметкерлер" командасы өз жобасын жүзеге асыру үшін батареяларды жинауға арналған ағаш жәшіктер жасап, оларды Анастасия Цыва көркемдеп безендірді.

– "Планетаны сақта да, орнына конфет ал" жәшігін біз Департаменттің асханасына орнаттық. Әрбір жұмысшының пайдаланылған батареяны тапсырып,орнына конфет алу мүмкіндігі туды. Бұл әр адам үшін ыңғайлылық қана емес, сонымен қатар жұмысшыларды батареяларды жинауда белсенді қатысуға ынталандырды. Біз барлық бөлімдерде осындай жәшіктерді орнату қажет деп санаймыз. Егер әрбір адам осы жобаға жауап берсе, біз табиғатымызды, отанымызды сақтай аламыз, – деп бөлісті химиялық су тазарту аппаратшысы, "күндізгі персонал" командасының капитаны Әсел Юсупова.

Химреагенттерді дайындау жөніндегі аппаратшы, "Вахта Б" командасының басшысы Галия Битурина батареялар туралы көптеген жаңа ақпаратты ашты. Ол бұқаралық ақпарат құралдары арқылы пайдаланылған батареялардың қауіптілігі туралы қоғамды жақсырақ хабардар етуді және дүкендердің жанына батареяларды жинауға арналған арнайы жәшіктерді орнатуды ұсынды.

– Бізді бәрінен бұрын топыраққа, суға түскен кезде пайдаланылған батареялардың зияны және оларды дұрыс кәдеге жарату тақырыбы қызықтырды. Батареяларды жинап жатқанда, біз жақындарымыз, туыстарымыз және достарымыз да бұл туралы білмейтінін түсіндік", – деп жалғастырды Галия Битурина.

Команда құрудың (тимбилдингтің) қорытындысын қазылар алқасының мүшелері: Наталья Могилевец, логистика бөлімінің бастығы Мақсат Түсіпов, ЦНиПД бастығының орынбасары және экономист Венера Мұсаева жасады. Олар командалардың жоғары дайындығын, әрқайсысының байсалды және кәсіби көзқарасын атап өтті.

Әсел Шикобаева, химреагенттерді дайындау жөніндегі аппаратшы, "Вахта Г" командасының капитаны химиялық цехта осындай іс- шараларды өткізу ұжымды өте қуантатынын, барлығы процеске белсенді түрде қосылатынын атап өтті. Іс-шараның қорытындысы бойынша "Вахта Г" байқауда бірінші орынға ие болды. Ал станцияның асханасы мен буфетінде батареяларды жинау жәшіктері енді тұрақты негізде орнатылады.

"Бір батареяның өмірі" тақырыбындағы команда құру (тимбилдинг) – ұжымның бірігуіне ықпал етіп қана қоймай, табиғатқа ұқыпты қарау қажеттілігі туралы білім беруге маңызды үлес қосты.