Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС: Ғимараттар мен гидроқұрылғыларды пайдалану цехының сылақшы-сыршы Қарачачев Нұртай Қожабайұлын құрметті демалысқа шығарып салды.

 

2023 жылғы 9 қарашада Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-те Қарачачев Нұртай Қожабайұлын зейнетке шығарып салды. Ол 2017 жылдың қыркүйегінде Қапшағай ГЭС-ке жұмысқа орналасты, өзін жауапты және тәртіпті маман ретінде көрсете білді. Оның станциядағы еңбек жолы ғимараттар мен гидроқұрылғыларға қызмет көрсетуге қосқан елеулі үлесімен ерекшеленді.

«Мен Қапшағай ГЭС-те жұмыс істегенімді мақтан тұтамын. Менімен бірге еңбек еткен барлық әріптестеріме шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздердің арқаларыңызда мен өзімді үлкен, жауапты, тату команданың бір бөлігі ретінде сезіндім және бұл мен үшін үлкен шабыт болды»,- деп мақтанышпен өз ойымен бөлісті Нұртай Қожабайұлы.