Оқушылар өздеріне энергетика әлемін ашты: Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-на экскурсия

«Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының 11 сынып оқушыларына, күзгі демалыстары кезінде электр станцияға экскурсия өткізілді. Іс-шара жаңартылатын энергия көздері туралы білімді кеңейтуге және энергетика мамандығының маңыздылығын түсінуге бағытталған кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында өтті.

– Маған ГЭС жұмысы туралы қаншалықты қарапайым және түсінікті тілде айтылғаны ұнады. Мен өзім Қонаев қаласында тұрамын және станцияның жұмысы туралы көбірек білгім келді, – деп, 11 сынып оқушысы Алихан Шихиев ойымен бөлісті.

Дастан Озгельди экскурсияда алған білімі болашақта оған пайдалы болатынына сенімді:

– Экскурсия өте жақсы өтті. Мен Қапшағай ГЭС туралы көптеген құнды ақпарат алдым. Станцияның энергияны қалай өндіретінін білу өте пайдалы болды. Біз ГЭС-тің нақты қуатын көрдік.

Жалпы, экскурсия өте қызықты өтті, барлық қатысушылар үшін бұл ерекше құнды және пайдалы болды.