«Алматы электр станциялары» АҚ осымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 30.10.2023 жылғы № 125-НҚ және Алматы облысы бойынша департаментінің 31.10.2023 жылғы №113-НҚ бірлескен бұйрығымен жылу энергиясын өндіру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке 1 жыл мерзімге 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап енгізілетін уақытша өтемдік тариф бекітілгенін хабарлайды:
– 01.12.2023 ж. бастап – 4 544,43 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз);
– 01.01.2024 ж. бастап – 5 049,13 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз).
Тариф «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мынадай негізде бекітілді:
– тарифте ескерілген бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамау.