01.12.2023 ж. бастап жылу энергиясын өндіру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызмет тарифінің өзгеруі туралы

«Алматы электр станциялары» АҚ осымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 30.10.2023 жылғы № 125-НҚ және Алматы облысы бойынша департаментінің 31.10.2023 жылғы №113-НҚ бірлескен бұйрығымен жылу энергиясын өндіру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке 1 жыл мерзімге 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап енгізілетін уақытша өтемдік тариф бекітілгенін хабарлайды:

– 01.12.2023 ж. бастап – 4 544,43 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз);
– 01.01.2024 ж. бастап – 5 049,13 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз).

Тариф «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мынадай негізде бекітілді:

– тарифте ескерілген бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамау.