Алматы 3-ЖЭО-ның жаңа дәуірі: қайта құру және жаңғырту

Құрамында «KBI Energy Group» ЖШС, «Энерго Спецстрой» ЖШС, «Стандарттэнерго KZ» ЖШС, «СТРОЙИНДУСТРИЯ» ЖШС бар компаниялардың консорциумы «Пайдалануға дайын» құрылысы бойынша кешенді жұмыстарды орындауға 257 млрд.теңге сомасына ашық тендер нәтижесімен Алматы 3-ЖЭО қайта құру шеңберінде жұмыстардың басталғанын хабарлайды.

Қайта құру нені қамтиды?

Алматы 3-ЖЭО-ны қайта құру желілерде жұмыстың қуаты мен өзгерімділігі едәуір жоғары мүлдем жаңа электр станциясын салуды көздейді. Жаңа электр станциясы электр және жылу энергиясын қатар өндіретін болады. Жобаның негізгі аспектілерінің бірі өз ресурсы сарқылған, ескірген тозаңды-көмір жабдығын табиғи газбен жұмыс істейтін заманауи экологиялық таза бу-газдық энергетикалық қондырғыларға ауыстыру болып табылады.

Тендердегі бәсекелестік

Қазақстандық компаниялар консорциумынан басқа, білікті жеткізушілер арасында алдын ала өткізілген ашық тендерге «DP Engineering Group» ЖШС және «Bazis Construction» ЖШС-мен бірлескен China Machinery Engineering Corporation (Чайна Машинери Инжиниринг Корпорейшн) құрамындағы консорциум да қатысты.

Болашаққа арналған жоспарлар

Жаңа 3-ЖЭО-ны пайдалануға беру 2026 жылға жоспарланған. Бұл күн өңірдің энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі және Алматы өңірінің стратегиялық даму жоспарларын қолдаудағы маңызды қадам болып табылады.

Жобаны қолдау

Бұл жоба Мемлекет басшысының Алматы қаласын одан әрі дамыту мәселелері бойынша 2021 жылғы 17 наурыздағы тапсырмаларына және 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №730 қаулысына сай, жоба «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасына енгізілді.

Бұл қайта құру нәтижесінде елдің және оның қала тұрғындарының жалпы әл-ауқатына септігін тигізетін экономикалық өсу мен аймақтың энергетикалық жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған шешуші қадам болып табылады.