Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО: қалаға жылу мен жарық беру

2023 жылғы 4 қазанда Б.Оразбаев атындағы Алматы 1-ЖЭО станциясының іске қосылуы басталды. Естеріңізге сала кетейік, 1-ЖЭО жылу беру маусымынан кейін жазғы кезеңге жоспарлы түрде тоқтатылады.

Станция тоқтаған уақытта барлық қосалқы жабдықтары бар негізгі жабдыққа (алты энергетикалық қазандық және үш турбоагрегат) жоспарлы жөндеу және оны техникалық диагностикалау жүргізілді.

Станция қызметкерлері іске қосу операцияларын бастауға толық дайын. Станция жабдықтарын алдын ала сынау жүргізілді.

Станцияны іске қосудың бекітілген бағдарламасына сәйкес, 2023 жылғы 4 қазанда бір қазан агрегаты мен екі турбоагрегат іске қосыла отырып, 1-ЖЭО-ны іске қосу жұмыстары басталды.

– Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО барлық қызметкерлерінің үйлесімді және білікті іс-қимылдарының арқасында станцияны іске қосу бойынша ұйымдастырушылық іс-шаралар мерзімінде орындалды. Барлық негізгі және қосалқы жабдықтар 2023-2024 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайын, – деп атап өтті станция директоры Әлібек Тастанбеков.

Алматы 1-ЖЭО – Алматы қаласы Жетісу ауданының аумағында қаланың орталық бөлігінде орналасқан Қазақстанның ең көне станцияларының бірі, Алматы қаласын орталықтандырылған жылумен жабдықтау көзі болып табылады. Станцияның негізгі тұтынушылары – Алматы қаласының тұрғын үй-коммуналдық секторы және өнеркәсіп кәсіпорындары.

Биыл Алматы 1-ЖЭО өзінің 88 жылдығын атап өтті. Алматы ТЭЦ (қазіргі 1-ЖЭО) бірінші кезегін жобалау және салу 1931 жылы басталды, ал 1935 жылы 25 қазанда бірінші агрегат жүктемеге қойылды. 1936 жылы 1,8 млн кВт*сағ электр энергиясы өндірілді. Бүгінгі таңда бұл электр қуатын өндіру станцияның күнделікті жұмысына тең. 1-ЖЭО алғаш рет 1961 жылы жылу энергиясын өндірді. 2017 жылдан бастап станция табиғи газбен жұмыс істейді.

Іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО 39 135 млн кВт*сағат электр энергиясын және 157,5 млн Гкал жылу энергиясын өндірді.