"АлЭС" АҚ Алматы қаласының еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырған "Сәтті қадам" жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесіне қатысты
Жәрмеңкеге қаланың 160 кәсіпорны қатысты. Бұл іс-шараның негізгі міндеті оқу орындарының түлектеріне және басқа да ізденушілерге қолайлы жұмыс іздеуде қолдау көрсету болды. Жәрмеңкеде жұмыс іздеушілер өздерінің дағдылары мен қызығушылықтарына сәйкес келетін жұмыс табуға, сондай-ақ жұмыс берушілермен алғашқы байланыс орнатуға, түйіндемелерін ұсынуға және өз әлеуеттерін көрсетуге ерекше мүмкіндік алады.
– Жәрмеңкеде біздің компанияға көптеген үміткерлер қызығушылық танытты. Көптеген ізденушілер түйіндемелерін ұсынып, үміткерге сауалнамалар толтырды. Колледж бен ЖОО-ның жас түлектері де, жұмыс өтілі бар ізденушілер де келіп қызығушылық танытты, – деді Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО кадр бөлімінің кадрлар даярлау жөніндегі инженері Ақерке Иембергенова. – Негізінен техникалық білімі бар ізденушілерді электр энергетигі, зертханашы, дәнекерлеуші бос жұмыс орындарына қызықтырды, сондай-ақ заңгер, логист, бухгалтер және т.б. бос жұмыс орындарына түйіндеме қалдырды.
БЖК кадр секторының бас маманы Назерке Нағашбек мұндай жәрмеңкелерге қатысу қызметкерлерді іздеудің өте тиімді әдісі деп санайды.
– Бір күнде орташа есеппен маған 15-тен 20-ға дейін үміткер жүгінді. Біз шағын сұхбат жүргізе алдық, – деп жалғастырды Назерке. – Біздің компанияда ең сұранысқа ие мамандар: электриктер, химиктер және БӨҚжА мамандары. Жәрмеңкедегі жұмыс қорытындысы бойынша қосымша әңгімелесуге 5 адам шақырылды. Оның ішінде 2 үміткер жұмысқа орналасты.
"АлЭС" АҚ "Сәтті қадам" жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесіне қатыса отырып, жас мамандарды қолдайды және жұмысқа орналасу үшін перспективалар ұсынады.