Шабыттандыратын тәжірибе мен бірлік

"Самұрық-Энерго" АҚ II Жастар форумына қатысушылардың сапарынан

2023 жылғы 14 қыркүйекте Астана қаласындағы Green Park демалыс базасында өткен "Самұрық-Энерго" АҚ компаниялар тобының қызметкерлері үшін II Жастар форумына "АлЭС" АҚ-ның 12 қызметкері қатысты. Әр қатысушы бейнеролик пен уәждемелік хат дайындап, конкурстық іріктеуден өтті.

Форумды ұйымдастырушылар командалық жұмысты қалыптастыру және қатысушылар арасында тимбилдинг өткізу мәселесіне креативті көзқараспен қарады. Жастарға бір-бірін жақсы білуге, командада жұмыс істеуді үйренуге мүмкіндік беретін түрлі ойындар өткізілді.

– Шынымды айтсам, бәрі осындай достық және көңілді ортада өтеді деп күткен жоқпын. Форумда жаңа достар тауып, басқа департаменттердің жұмысымен таныстым. "Самұрық-Энерго" АҚ Жастар форумына қатысуға мүмкіндік бергені үшін компанияға зор алғысымды білдіремін, – деді А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО релелік қорғанысты және автоматиканы жөндеу жөніндегі электр монтері Асқар Ашенов.

 

Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Баптау және табиғатты қорғау қызметі цехының инженер-технологы Дина Әбдімәжітке Жастар форумына қатысу шынымен де ұмытылмас және пайдалы тәжірибеге айналды. Ол үшін форумның ең қызықты сәттерінің бірі квиза форматындағы ойын болды. Ұйымдастырушылар энергетика саласына, бизнеске және қоғамдық қызметке қатысты түрлі тақырыптар бойынша түрлі сұрақтар қойды. Қатысушылар командаларға бөлініп, қосымша бәсекелестік пен достық күрес атмосферасын құрды. "Фиксики" деп аталатын Динаның командасы екінші орынға ие болды.

– Біз көптеген маңызды ақпараттарды меңгердік, мысалы, командалық білім беру курстарында алған стандартты емес жағдайларда әріптестермен тиімді қарым-қатынас жасау дағдылары. Біз сондай-ақ өзімізді көрсете алдық және басқа адамдар туралы да жаңа нәрсе біле алдық. Шынында да, Форум әрқайсымыздың өмірімізге көптеген қызықты өзгерістер әкелді, – дейді Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО релелік қорғаныс және автоматика жөніндегі жетекші инженері Бақытжан Қасымжан.

Бюджет және экономикалық талдау бөлімінің жетекші экономисі Айдана Тұрғанбекқызы көптеген қажетті мағлұматтар алды.

– Бізге "Жеті қадамға" қатысу үшін іріктеудің қалай өткені айтылды. Жоба белсенділері жеті бағыт бойынша модульдік оқытудың қалай өткендігі, қандай қиындықтар мен жетістіктер болғандығы туралы өз әсерлерімен бөлісті. Бәрі керемет болды! Ұйымдастырушыларға Форум үшін алғысым шексіз! – деп жалғастырды Айдана.

Форум қатысушылары жас мамандарға осындай іріктеуге және іс-шараларға қатысуға кеңес береді, өйткені олар тәжірибе алмасу және кәсіби қоғамдастықты нығайту үшін тамаша алаң бола алады.