Суды магистральдық құбыр жолдары арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке арналған ТМРК бірлескен бұйрығының орындалуын тоқтата тұру туралы

Уәкілетті органға шағым беруге байланысты "АлЭС" АҚ Тұтынушыларды әкімшілік актінің – ҚР ҰЭМ ТМРА Алматы қаласы бойынша 31.08.2023 ж. №92 және Алматы облысы бойынша 08.09.2023 ж. №80-НҚ "Суды магистральдық құбыр жолдары арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы" бірлескен бұйрығының 60,90 теңге/м3 мөлшерінде орындалуын ҚР ӘРПК 96-бабы негізінде тоқтатылуын хабардар етеді.

Шағымды қарау кезеңінде бұрын бекітілген тариф – 60,99 теңге/м3 қолданылады.