01.08.2023 ж. бастап жылу энергиясын өндіру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтің өзгеруі туралы

"Алматы электр станциялары" АҚ осымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің (әрі қарай – ТМРКД) 2023 жылғы 18 қыркүйектегі №101 – НҚ және Алматы облысы бойынша 18 қыркүйектегі №87-НҚ бірлескен бұйрығымен ТМРКД Алматы қаласы бойынша 2023 жылғы 26 шілдедегі №69-НҚ және Алматы облысының 2023 жылғы 26 шілдедегі №72-НҚ бірлескен бұйрығына жылу энергиясын өндіру реттелетін қызметіне өзгерістер енгізілгенін хабарлайды, 2023 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі:

– 01.08.2023 ж. бастап – 4 550,44 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз);
– 01.01.2024 ж. бастап – 5 063,54 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз);
– 01.01.2025 ж. бастап – 5 180,57 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз);
– 01.01.2026 ж. бастап – 5 280,33 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз).

Бекітілген бірлескен бұйрықтарға өзгерістер "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V ҚРЗ ҚР Заңының 65–бабының 3-тармағына және "Табиғи монополиялар туралы" 27.12.2018 ж. №204-VI ҚР Заңының 8-бабының 10-тармақшасына сәйкес енгізілді.