"АлЭС" АҚ Каскад ГЭС-те жөндеу науқаны аяқталуда
Каскад ГЭ-те жалпы қуаты 43,7 МВт белгіленген 9 гидроэлектростанцияның құрамына кіретін 13 гидроагрегат пайдаланылады. Гидроагрегаттардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және станция жабдықтарын жұмыс жағдайында ұстау үшін жыл басынан бастап жыл сайын жоспарлы ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Ағымдағы жөндеу электр механикалық және гидротехникалық цехтардың, автоматика, өлшеулер және байланыс цехтарының персоналы жұмылдырылған Каскад ГЭС күшімен, сондай-ақ автокөлік учаскесінің көмегімен жүзеге асырылады.
– Осы уақытқа дейін біз бес ГЭС-тің сегіз гидроагрегатында ағымдағы жөндеуді аяқтадық. Ағымдағы жөндеудің орташа ұзақтығы 9 күнді құрады, – деп атап өтті Каскад ГЭС бас инженері Айғали Ермурзаев.
Станциялардағы күрделі жөндеуді мердігер ұйымдар жүзеге асырады. 2023 жылға екі гидроагрегатта күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.
– Қазіргі уақытта біз 8-ГЭС гидроагрегатында күрделі жөндеу жүргізіп жатырмыз, ал 10-ГЭС гидроагрегаты бойынша күрделі жөндеу 2023 жылдың қазан-қараша айларына жоспарланған. Күрделі жөндеу барысында жабдықтың қалған парктік ресурсын бағалау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады,-деп жалғастырды Өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Азамат Сағадиев.
Барлық жұмыстар "АлЭС" АҚ негізгі жабдықтарын жөндеудің бекітілген кестесіне сәйкес орындалады.