2023 жылғы 11 және 12 қыркүйекте "АлЭС" АҚ жұмыскерлері "Жер-2023" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты. Оның тақырыбы "Жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау". Бірінші күні компанияның барлық қызметкерлері жалпы қалалық ауқымды сейсмикалық жаттығуға қатысты.
12 қыркүйекте А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да жойқын жер сілкінісінен кейін тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін қалпына келтіруді пысықтау бойынша практикалық іс-шара өтті.
– Тактикалық жоспарға сәйкес, станция аумағында жер сілкінісі кезінде бу құбырының дәнекерленген жігінде жарылыс пайда болды. Нәтижесінде қазандық агрегаттары мен турбиналарды тоқтату бойынша авариялық жағдай туындады, – деді "АлЭС" АҚ АҚ және ТЖ қызметінің бастығы Александр Довжик. – Диспетчердің негізгі басқару қалқанында бу құбырларындағы жүктеме қысымының төмендеуі анықталады. Қазандық цехының ауысым бастығы мән – жайларды анықтау үшін қазандық жабдықтары жөніндегі машинист-қараушыны жіберу туралы шешім қабылдады.
Станцияда тактикалық оқытудың барлық жоспары пысықталды. Түтін сорғыштар қатарын аралау кезінде машинис-қараушы Еділ Жақыпов бу құбырының жарылуын байқады және термиялық күйік белгілері бар ес-түссіз жатқан жәбірленушіні тапты.
– Еділ кезекші персоналға жағдай туралы жедел хабарлады. Мен жедел жәрдем қызметін шақырдым, басшылықты хабардар еттім, – деп жалғастырды ЖҚЦ шебері Айдос Қабылдажанов.
Станцияның АҚ және ТЖ штабының бастығы Санжар Балғазин Алматы қаласы ТЖД ДЖБ-ға туындаған авариялық жағдай туралы хабардар етті. Алматы қаласы ТЖД ДЖБ жедел кезекшісінің шешімі бойынша 2-ЖЭО-ға объектінің қауіпсіздігін және шұғыл қызметтердің кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін үш экипаж полиция жіберілді.
– Авариялық-техникалық топ тез арада бу құбырын жөндеу және қалпына келтіру шараларын қабылдады. Қазандық цехының қызметкерлері бу құбырының жарылуы орын алған учаскені қоршады, қазандықтар жұмысын тоқтатты, – деп бөлісті дәнекерлеуші Ренат Әбдірімов.
Фельдшерлік пункттің медициналық қызметкерлері жедел медициналық жәрдем келгенге дейін жәбірленушіге алғашқы көмек көрсетті. Станцияның жұмысшы персоналы авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу орнын қоршап қойды, авариялық-техникалық команданың бастығы жағдайды бағалап, авариялық жағдайды жою үшін жедел персоналға міндеттер қоюды жүргізді.
Станция жұмыскерлері 2-ЖЭО-дағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі міндеттерді орындауға дайын екендіктерін көрсетті. Оқу-жаттығуға станцияның 12 жұмыскері қатысты. Олардың барлығы А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО авариялық-техникалық командасының құрамына кіреді.
Іс-шара барысында басқару органдарының, азаматтық қорғау күштері мен құралдарының жойқын жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі міндеттерді орындаудағы жұмыстары жетілдірді.