01.10.2023 ж. бастап суды магистральдық құбыр жолдары арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтің өзгеруі туралы

"Алматы электр станциялары" АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2023 жылғы 31 тамыздағы №92-НҚ және Алматы облысы бойынша департаментінің 08.09.2023 жылғы №80-НҚ бірлескен Бұйрығымен 2023 жылғы 1 қазаннан бастап 1 жыл мерзіміне дейін қолданысқа енгізілетін суды магистральдық құбыр жолдары арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке арналған уақытша өтемдік тариф бекітілгендігін хабарлайды:

– 01.10.2023 ж. бастап – 60,90 теңге/м3 (ҚҚС есебінсіз).

Тариф "Табиғи монополиялар туралы" ҚР Заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес келесі негіз бойынша бекітілді:

– тарифте ескерілген бекітілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының орындалмауы.