20 студент, магистрант және зерттеушілер компанияның өндірістік департаменттеріне барды
2023 жылдың тамыз айының соңында "АлЭС" АҚ Орталық Азиядан келген зерттеушілерге экскурсиялар өткізілді. Ақпараттық экспедиция Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Германия Сыртқы істер министрлігі мен "Qazaq Green" ЖЭК қауымдастығының қолдауымен "Жаңартылатын энергетика 2023" білім беру сапары шеңберінде ұйымдастырылды. Қатысушылар Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС және А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да болды.
Сапардың басты әсерінің бірі – экскурсиялардың жоғары өнімділігі және "АлЭС" АҚ қызметкерлерінің ізгі ниеті. "Дистрибьютерлік селекция орталығы" ЖШС экологы Күмісай Тілепова өз пікірімен бөлісті: "АлЭС нысандарын аралау өте қызықты болды. Компанияның қабілетті, ұқыпты қызметкерлері өндірістік нысандардың қалай жұмыс істейтінін қызықты әрі жан-жақты түсіндірді".
Қазақстан-Неміс университетінің инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің студенті Илья Пиуновский компанияның қауіпсіздік деңгейінің жоғарылығы және барлық қызметкерлердің біліктілігін атап өтті.
– Экскурсия қызықты әрі нәтижелі өтті, бізге станциялардың негізгі өндірістік цехтарын көрсетті. Станция құрылысының тарихынан бастап жұмыс кестесіне дейін айтып берді. Қауіпсіздік бойынша сапалы нұсқаулық өткізіп, барлық сұрақтарға жауап берді.
"Unisongroup" инженері Айдар Қанатбеков мұндай іс-шаралар көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, энергетиктердің жұмысының қаншалықты маңызды және күрделі екенін жақсы түсінуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Экскурсияларды 2-ЖЭО бас инженердің пайдалану жөніндегі орынбасары Абзал Жақыпбаев және Қапшағай ГЭС өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Павел Ким жүргізді. Іс-шараға қатысушылар "АлЭС" АҚ өндірістік департаменттері бойынша қызықты және ақпараттық тур үшін үлкен алғыстарын білдірді.
– Біз электр энергиясын өндіру процестері туралы жаңа білім алдық. Біз үшін – бұл электр энергиясын өндіру процесін көруге және танысуға бірегей мүмкіндік, – деп бөлісті ҚЖПТК оқытушысы Айгүл Көкеманқызы.
Білім беру экспедициясы – жаңартылатын энергияны танымал етудегі белгілі бір қадам. АлЭС қызметкерлері экскурсанттар алған білім жаңартылатын энергетика саласындағы одан әрі зерттеу жұмыстарында пайдаланылады деп үміттенеді.