Гүлдер патшалығының ханшайымы

А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО Химиялық цехының 4-разрядты химиялық су тазарту аппаратшысы Рүстемова Гүлшаттың гүлдерге деген сүйіспеншілігінен туындаған ғажайып баққа тамсанып, гүлдер патшалығының ханшайымы деген атауға лайық деп санаймыз.

Сұлулық пен үйлесімділікке ғашық Гүлшат мектепте де гүлдерді жақсы көретін. Ал өз учаскесін сатып алғаннан кейін ол өзінің хоббиіне "ерік берді". Учаскенің құрылысы мен қатар безендіру де басталды. Алдымен Гүлшат ағаштар, содан кейін гүлдер отырғызды. Қазіргі таңда өзінің ғажайып ертегідей гүлді мекені бар: үлпек таушымылдықтар, жайнаған түймедақтар, қарапайым лалагүлдер, түрлі-түсті шырайгүлдер және т.б. Бақтың иесі әр гүл туралы оның пайда болу тарихын айтып, мінезін сипаттай алады.

– Гүлдер-менің құмарлығым, – деп мойындайды Гүлшат. – Гүлге деген махаббатым ерекше. Мен олар туралы бәрін білетін сияқтымын: қалай күтім жасау керек, қалай ұрықтандыру, қайда отырғызу керек деген секілді. Дегенмен, мен әр гүлге күтім жасау туралы оқып-ізденіп жүремін. Интернеттен көп ақпарат аламын. Мен алған білімімді практикада қолданамын. Әрине, бәріне бірдей келе бермейді, өйткені гүлдерге күтім жасау алдымен, тұратын аймаққа байланысты. Климат маңызды.

Тұқым, қалемше, тыңайтқыш сатып алуға қаржылық шығындардан басқа, мұндай әдемілікті жасаушы адам өзінің сүйікті ісіне аянбай еңбек етуде. Тек Гүлшат мұны еңбек деп санамайды. Ол гүлдерді жанындай жақсы көргендіктен, бос уақытын оларға барынша арнауға дайын. Артынша бұл еңбегі жүз есе қайтады, өйткені жайнаған гүлдер басқа бір әлем секілді құлпырады, бақшаның қасынан өткен әр жолаушы еріксіз қарап тамсанады.

Гүлшат қыркүйек айын ерекше ұнатады, осы айда оны әдемі раушандар мен нарғызгүлдер, жалбалаң бақытгүлдер, шуақты алтыншарлар, керемет ақкекірелер, нәзік жапонгүлдер қуантады.

Гүлшаттың айтуынша, гүл өсіру – бұл махаббат, шыдамдылық және уақытты талап етеді. Гүлдер патшалығының ханшайымы сұлулықты жақсы көретін және бағалайтын барша жандарға гүл өсіру ісімен айналысуға кеңес береді.