Бірінші орында еңбекті қорғау

Жыл сайын "АлЭС" АҚ-да Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орайластырылған корпоративтік іс-шаралар өткізіледі. Биыл 28 сәуірде Каскад ГЭС еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі жұмыскерлерінің барлық өндірістік департаменттерде көшпелі кеңесі өткізілді. 2022 жылдың қорытындысы шығарылып, 2023 жылға арналған міндеттер қаралды.

Өткен жылдың басты қорытындысы – компанияда өндіріске байланысты жазатайым оқиғаларға жол берілмеді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтері қауіпсіздік мәдениетін арттыру және жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне тарту бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізді.

Кеңесте Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының 2022 жылға арналған "Самұрық-Энерго" АҚ және "АлЭС" АҚ бекіткен іс-шаралардың нәтижелерін қарастыра отырып, жұмыс жоспарлары бойынша есеп ұсынылды, – деді басқарма бастығы Кәрім Сартаев. – Барлық жоспарланған іс-шаралар толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалды. 2023 жылға арналған міндеттер белгіленді.

– "АлЭС" АҚ өндірістік департаменттері арасында еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты үздік ұйымдастыру" конкурсы жыл сайын еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру, өндірістік департаменттердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру мен тиімділігін арттыру мақсатында өткізіледі – деді басқарманың бас маманы Айсұлу Иржанова.

Конкурс нәтижелері Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай өткізілді. А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі өндірістік департаменттер арасындағы конкурстың жеңімпазы болып танылды. Оларға Еңбекті қорғау бойынша жұмысты үздік ұйымдастырғаны үшін кубок, құрмет грамотасы және ақшалай сыйлық табыс етілді. 3-ЖЭО және ОҚТО еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтері екінші және үшінші орынға ие болды. Олар құрмет грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталған.

– Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы үздік бейнеролик үшін "Самұрық-Энерго" АҚ ЕТҰ арасында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған конкурс қорытындысы бойынша біздің компания екінші жыл бойы бірінші орынға ие болғанына назар аударамыз – деп жалғастырды Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарушы директор Расул Оңалбаев. Компания персоналы жасаған бейнероликтер еңбекті қорғау саласындағы оң тәжірибені таратуға және көтермелеуге, еңбекті қорғау, жұмыскерлерді хабардар ету және тарту мәселелерін насихаттауды күшейтуге қызмет етеді.

Әрбір жұмыс орнында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету "АлЭС" АҚ қызметінің басты басымдығы болды және әрқашан болады. Компанияда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жүйесін жетілдіру бойынша үнемі жұмыс жүргізілуде.

Әрбір жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуде жаңа тәсілдерді енгізуге белсенді қатысуы, өзінің өндірістік департаменттерінде қауіпсіздік мәдениетін арттыру 2023 жылға белгіленген "Vision Zero" мақсатындағы "АлЭС" АҚ жетістіктерін қамтамасыз етеді.

Бейнероликті https://ales.kz/ru/component/nvideogallery/?view=nvideogallery көруге болады