3-ЖЭО: жексенбідегі «химиялық» тимбилдинг

3-ЖЭО химиялық цехының ұжымы өзінің екінші мерекесі – химик күнін атап өтеді. Осы жылдың мамыр айының соңы қалай өтетіні де бәрімізге мәлім. Жұмыскерлер мерекені Түргенге барып атап өтуді әдетке айналдырған.

– Пандемия кезінде ұжым айтарлықтай жаңарды, көптеген жастар келді. Химик күні мерекелеу дәстүрін жалғастыру туралы ұсынысқа барлығы құлшыныспен келісті. Табиғатқа шығу қарым-қатынасты нығайтты және біздің ұжымды біріктірді. Біз зияткерлік ойындар мен спорттық жарыстар ұйымдастырдық, – деп бөлісті химиялық цехының бастығы Индира Сүлейменова.

 

Химиялық цехтың аппаратшысы Сұлтан Бектемісов 3-ЖЭО-да төрт ай еңбек етуде:

– Бұл менің алғашқы еңбек ұжымым. Осы уақыт ішінде мен барлығымен тіл табыстым. Тимбилдингке қатысу әріптестерімен бейресми жағдайда сөйлесуге мүмкіндік берді. Керемет демалыс үшін біздің басшылыққа рахмет!

Химиялық цехтың зертханашысы Бектаева Майданаға жұмыскерлер ұйымдастырған қызықты ойындар ұнады. Оның пайымдауынша, бұл қызықты ойындардың арқасында мереке көңілді және қызықты өтті. Жеңімпаздарға сыйлықтар таратылды. Барлығы үшін дастархан жайылды.

 

 

 

 

– Менің екі жылдық жүктілікке байланысты демалыстан шығып, сүйікті жұмысыма оралғаныма бір ай болды, – деп жалғастырды химиялық цехтың зертханашысы Қырықбаева Жеміс. Мен бірден мерекеге келдім. Түрлі спорттық іс-шаралар мен викториналар, әндер мен билер өткізілді. Маған өте ұнады. Химиялық цехты басқаратын, біздің бірлігімізді нығайтатын, тимбилдинг ұйымдастыратын Индира Төлеғалымқызына ризамын.

Жексенбілік мереке күні керемет көңіл-күймен, табиғатта таза ауа мен жағымды эмоцияларға ие болған станция жұмыскерлері жарық пен жылулық сыйлауды жалғастыруда.