Біз «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының әйел көшбасшылары қатарындамыз…

Жеті ай бойы «АлЭС» АҚ-ның екі жұмыскері «Гендерлік теңдік» бағдарламасы бойынша оқудан өтті

2023 жылдың мамырында соңғы сабақ модулі аяқталды. Бағдарламаны жүзеге асыруды Samruk Business Academy ұйымдастырды. Жобаға қатысу үшін «АлЭС» АҚ-дан 2022 жылдың күзінде А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО Химиялық цехының бастығы Алдашүкірова Гүлмира және компанияның Ұйымдастыруды сүйемелдеу басқармасының бастығы Иманова Анар конкурстық іріктеуден өтті.

– 2022 жылдың қазаны мен 2023 жылдың мамыры аралығында бізге «Гендерлік теңдік» бағдарламасы бойынша керемет оқудан өту бақыты бұйырды. Оқытудың мақсаты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мемлекет қатысатын компаниялардың басшы органдарында әйелдердің үлесін 30%-ға дейін кезең-кезеңімен арттыру қажеттілігі болды, – деп бөлісті Иманова Анар – Оқыту жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл бағдарламаны ұйымдастырушылар әр қадамды ойластырып, үйлесімді және жедел жұмыс істеді, дайындыққа деген ерекше көзқарас сезілді.

Кәсіби коуч-жаттықтырушы Айгүл Тасболат бірінші модульде «Директорлар кеңесі, бақылау кеңесі, басқарма – рөлдер мен жауапкершілік» тақырыбына тоқталды. Корпоративтік басқару ұғымдары мен қағидаттары, компанияның басқару органдарының құрылымы, директорлар кеңесінің құқықтары мен міндеттері ашылды.

– Мен үшін өндірісші ретінде бұл тақырып ерекше қызықты болды. Материалды бекіту «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялары Директорлар кеңесінің жалпы отырысы түрінде қызықты ойында өтті, – деп жалғастырды Алдашүкірова Гүлмира. – Бірінші модуль бір деммен өтті-танысу, бір-бірімен өзара әрекеттесу, жаттығу және байланыс. Біз Қордың компаниялар тобының кәсіби, талантты, білімді және әдемі әйел көшбасшыларының қатарында болғанымызға өте қуаныштымыз.

Екінші модульде кәсіби жаттықтырушы Сергей Дерябин «Инклюзивтілік, компания дамуының бір бөлігі ретінде» тақырыбын, атап айтқанда команданы қалыптастыру және дамыту, шешім қабылдау, көшбасшы мен команда, көшбасшының өміршеңдігі мен ресурстық жай-күйін сапалы ашты.

– Оқу аяқталғаннан кейін көшбасшылар әрқашан идея үшін жиналуға дайын екенін дәлелдей отырып, Алматы қаласындағы онкология институтының балалар бөлімшесіне онкологиямен ауыратын балаларға арналған қайырымдылық қоры ұйымдастырылды. Жаңа жыл қарсаңында оқуға қатысушылар ақшалай қаражат жинады. Ол қаражатқа балаларға жаңа жылдық сыйлықтар мен онкология институтына арналған дивандар сатып алдық, – деді Иманова Анар.

Қыздардың пікірінше, жоғары кәсіби жаттықтырушы Мұхтар Бекжановтың өткізген үшінші модулі өте қарқынды болды. «Болашақтың жоғары белгісіздігі жағдайында компанияның стратегиялық дамуы» тренингінің тақырыбы ковид пен Қазақстандағы қаңтардағы оқиғалардан кейін өте өзекті болды. Қыздарға арналған үшінші модульдің тосын сыйы әйелдер киімінің стилі бойынша мастер класс болды.

Оқытудың төртінші модулі жаттықтырушы Салтанат Сейтжан барлық алдыңғы модульдерден ерекшеленді, оқытуға қатысушылар Директорлар кеңесінің қызметіндегі негізгі қаржылық көрсеткіштерді талдап, компанияның акционерлер үшін тартымдылығын талдау мен есептеуді үйрендік. Материалды беру қарапайым, әрі түсінікті болды, тіпті қаржыгер болудың қажеті де жоқ.

– Бесінші оқу модулі керемет жағымды тосын сыймен басталды, бағдарламаға қатысушылардың барлық құрамы Астана Операсында өткен ірі итальяндық опера композиторы Джакомо Пуччинидің Тоска операсына шақырылды, – деп атап өтті Алдашукірова Гүлмира. – Кеш керемет өтті. Жаттықтырушы Сәрсембаева Раушанмен Жаңа буын көшбасшылары тақырыбы бойынша оқудан өттік. Дәріс көңілді интерактивтермен өріліп, бәрімізге соңғы модуль байқалмай аяқталды.

АлЭС жұмыскерлері сертификаттар алды. Иманова Анар үздік ондыққа кірді және оған Беркли университетінің белгілі жаттықтырушысы Мария Жукованың коуч сессияларынан өтуге сыйлық сертификаты табыс етілді.

АлЭС қыздары осындай ауқымды оқытудың қатысушылары болғанын мақтан тұтады. Олар «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының әйел көшбасшылар қатарына енді. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған оқытудың арқасында олар өмірдің жаңа деңгейіне көтерілді. Қыздар «АлЭС» АҚ басшылығына көрсеткен сенімі және «Гендерлік теңдік» бағдарламасының бірінші жобасына қатысуға бірегей мүмкіндігі үшін зор алғыстарын білдіреді.