"АлЭС" АҚ Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры – Бас инженері Ғазий Исмухамбетов "Tengri Ultra 2023" Қазақстан ультрамарафонында I орын алды
2023 жылдың 7 мамырында Ғазий Исмухамбетов 6 сағат 28 минутта 50 км қашықтықты жүгірді және 60+жас санатында бірінші болды. Қазақстанның "Tengri Ultra 2023" басты трейлдік ультрамарафонына үш мыңнан астам адам қатысты.
– Мен бұл марафонға көптен бері қызығушылық танытып жүргенмін. Биыл ол сегізінші рет өтті. Үш жыл бұрын мен 35 км жүгірдім, биыл 50 км қашықтықты таңдадым. Бұл ерекше бастама болды. Біз Іле өзенінің және дала кеңістігінің ерекше табиғатында болдық. Біз тауға, тас шатқалдарға шығып, құмды жерлерді еңсердік, – деді Ғазий Исмухамбетов.
Адам рухани жетілуге жеткенде, ол өзінің жолы, денсаулығы, қоршаған әлемге деген көзқарасы және оның өміріндегі рөлі туралы ойлайды. Дәл осы сағаттарда адам өзін өзгертетін шешімдер қабылдайды. Бір сәтте бұл уақыт Ғазий Жұмабайұлына да келді. Ол өз денсаулығы үшін спортпен шұғылдануға шешім қабылдады. Алдымен бұл жай физикалық жаттығулар болатын, артынша жүзумен, кейін жүгірумен айналыса бастады. Бәрі ойдағыдай бола бастағанда, ол өз денесінің мүмкіндіктерін ескере отырып, жаңа мақсаттар қоя бастады. Ғазий Жұмабайұлы біздің компанияда кәсіби құзыреттілікке ие табысты басшы ғана емес, сонымен қатар жас қызметкерлер үшін және жалпы ел жастары үшін үлгі болатынына сенімдімін. Мәре сызығында АлЭС туын мақтанышпен көтерген осындай адамдар арқылы көптеген жанкүйерлерге біз тек жылу және электр энергиясын өндіретін компания ғана емес, сонымен қатар біз басқа да белестерді бағындыра алатынынымыздың дәлелі...
"АлЭС" АҚ Пайдалану басқармасының бастығы Алексей Скрябин
50 км марафонға қатысу – бұл дене мен ақыл үшін үлкен сынақ. Осындай сын – тегеурінді шешпес бұрын, Ғазий Исмухамбетов 5 жылдан астам уақыт бойы үнемі жаттығып келеді.
– Мен аптасына 3-4 рет таңертең ерте жүгіремін. Марафонға дейін мен жаттығулардың жиілігі мен қарқындылығын біртіндеп арттырдым. Жүгіру бағытын мұқият зерттеп, оның күрделілігін бағаладым. Бұл маған қашықтыққа күшімді жақсырақ бөлуге көмектесті, – деп бөлісті жеңімпаз.
Маған нағыз энергетиктердің басшылығымен жұмыс істеу бақыты бұйырды. Солардың бірі – Ғазий Жұмабайұлы Исмухамбетов. Ол 2012 жылы компанияның техникалық басшысы болды. Осы уақыт ішінде мен оның жұмысына таңдануды тоқтатқан жоқпын. Бұл тек еңбек қызметінде ғана емес, сонымен қатар ерекше, спорттық өмір салтын жүргізу қабілетінде де көрінеді. Алматы қаласын жыл сайын 5,3 млн Гкал дейін және 5 млрд кВт*сағаттан астам көлемде өмірлік қажетті жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша орасан зор жауапкершілікті ала жүріп, сонымен қатар 50 км қашықтықта спорттық жүгіруде де көшбасшы болу, мен үшін таңғаларлық жағдай!!! Бұл өз-өзіне сену – жеке өзіне қатысты амалда тұрақты болу, табандылық таныту деген сөз. Айта кетсек, Ғазий Жұмабайұлының ерекше қасиеті, қанша жыл қызметте бірге жүргенде ешқашан дауыс көтеріп мәселе шешкенін байқамаппын, ол өзінің байсалдылығымен кез-келген диалогты әдемі жүргізетін. Осындай пікірталастардан кейін мәселенің анықталған дұрыстығы әдетте оның артында қалады.
"АлЭС" АҚ Жөндеулер басқармасының бастығы- Бас инженердің
орынбасары Владимир Шмелёв
2023 жылы Ғазий Исмухамбетов Алматы жартылай марафонға қатысып, екінші орын алды. Өткен жылы Қапшағайда Oceanman Kazakhstan 5 км жүзуге және Visa tour of World Class Almaty 2022, Giro d'Almaty 2022 веложарысына қатысып, Стамбул марафонында нормативтерді орындады.
Кәсіби қызметте ол өндірістік мақсаттарға жетуге де табанды. Үлкен энергетикалық экономиканың техникалық жетекшісі болу негізгі өндіруші жабдықтарды, сондай-ақ алдағы жылыту маусымына арналған қосалқы энергетикалық жабдықтарды уақтылы дайындау бойынша барлық жан-жақты шараларды қабылдауды білдіреді (және бұл 71 бірлік!).
Мұндай парасатты және бәрін түсінетін жанды кездестіру мүмкін емес! Ғазиз Исмухамбетовке кез-келген мәселе бойынша жүгінуге болады. Біз егжей-тегжейлі мәселелер мен техникалық шешімдерді талқылай аламыз. Ол әрқашан экологтарды қолдайды. Ғазий Исмұхамбетовтың жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігін ерекше атап өтемін. Ол әрқашан озық рөлдерде, озық ақпаратқа ие. Біз оның барлық марафондардағы жеңістеріне өте қуаныштымыз.
"АлЭС" АҚ Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы
Елена Сильвестрова
Ғазий Исмухамбетов әрдайым дұрыс көзқараспен қиындықты жеңіп, мақсатқа кез-келген адам жете алатындығын айтады
Ғазий Жұмабайұлы – жоғары деңгейдегі кәсіби маман. Біз бірге сұхбаттасу өткізгенде, ол әрдайым құрметке ие. Ол кез-келген саланың маманына кәсіби сұрақтар қоя алады. Екіншіден, зиялылығы жоғары адам. Әрқашан эмоционалды тұрақты. Ол алдына келген мәселені ақылға салып шешеді. Әр қадамын нақты, анық басатын адам, сонымен қатар кез-келген адамға құрметпен қарайтын қасиеті ерекше толғандырады. Ол жастарға тәлімгер. Ол мен үшін, нағыз Ironman. Ең бастысы, ол спорттан шынайы рахат алады. Бұл, әрине, қуантады !!!
"АлЭС" АҚ Адам ресурстары басқармасының бастығы Дария Шайжанова
Қызметкерлердің жұмыста өзін қаншалықты жайлы сезінетіні тікелей басшылыққа байланысты.
Мен өзімнің 2008 жылдан бастап Ғазий Жұмабайұлының басшылығымен жұмыс істегенімді мақтан етемін. Әрине, бағыт-бағдар беретін мықты көшбасшының артынан ілескің келеді. Ол егжей-тегжейлі бақылаудан бас тартады – өкілеттіктерді қалай беру керектігін біледі. Ол ұжымның бір бөлігі – өз қызметкерлерінің қиындықтарын түсінеді. Ғазий Жұмабайұлы бәрінен бұрын адамды бағалайды. Үнемі өзгеріске, жаңашылдыққа дайын, әрі ашық. Керек кезде қаттылық таныта біледі. Ол қателіктерді де қабылдай алады. Айналасындағылардың бәрі дүрбелеңге түсіп жатса да, ол өз-өзіне сенімді, салмақты – мұның бәрі Ғазий Жұмабаев Исмухамбетов туралы.
3-ЖЭО бас инженері Тулеген Кочкинбаев
Спортқа деген құштарлық салауатты өмір салтының бір түріне айналады. Ғазий Исмухамбетов компания қызметкерлерінің денсаулығын нығайтуға деген қызығушылықты арттыру қажет деп санайды және өзінің жеке үлгісімен жүгіруге, жүзуге, велоспортпен белсенді айналысуға шақырады.
Әріптестер Ғазий Жұмабайұлын кезекті жеңісімен шын жүректен құттықтап, жаңа белестерді бағындыруды тілейді.