«АлЭС» АҚ жұмыскерлері мамыр айының мереке алдында және мереке күндері дәстүр бойынша ардақты ардагерлермен кездесулер ұйымдастырып, сыйлықтар табыс етіледі. Тыл еңбеккерлері болып табылатын компанияның 14 зейнеткеріне және Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан 26 интернационалист – жауынгерлерімізге ерекше назар аударылады.
2023 жылғы 5 мамырда Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай салтанатты іс-шаралар өткізді. Станция ұжымы өз жауынгер-ардагерлерін станцияның қазандық цехының қазандықтарды басқарудың орталық жылу қалқанының машинисі Сайдығұлов Мәлік Байлауұлын құттықтады, ол Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту бойынша тапсырмаларды орындады және 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан автокөлік учаскесінің тракторшысы Юрий Милюхинді құттықтады.
– Ұлы Отан соғысының қорқынышты кезеңін және ел экономикасын қалпына келтірудің қиын жылдарын еске алатын адамдар жыл сайын азайып келеді, – деді 1-ЖЭО директоры Әлібек Тастанбеков өзінің құттықтау сөзінде. – Сондықтан соғыс туралы есте сақтау өте маңызды. Бейбітшілік түсінігі даналық пен жалпыға ортақ естеліктен тұрады. Әркім бейбітшіліктік қаншалықты бағалы, әр адамның өмірі қандай құндылық екенін түсінуі маңызды.
Дәстүр бойынша Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО жұмыскерлері станция аумағындағы Жеңіс даңғылына гүл шоқтарын қойды. Станцияның белсенді жастары кәсіподақ комитетімен бірлесіп үш тыл ардагері Прасковья Константиновна Аксенова, Евлампия Фоминична Говорухина және Алексей Федорович Коробкинді үйлеріне барып құттықтады. Ардагерлер жастардың көрсеткен құрметіне алғыс айтып, компания басшылығына үлкен рахмет айтуды өтінді.
– Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында 3-ЖЭО жұмыскерлері жеті тыл еңбеккері мен төрт интернационалист жауынгерді құттықтады. Кәсіподақ төрағасы Жаманбаланова Гүлнәр екеуміз ардагерлерге ақшалай сыйақы мен азық-түлік себетін ұйымдастырдық. Әдетте, біз жыл сайын әр жұмыскерге келіп жеке құттықтауға тырысамыз. Ең үлкен тыл еңбеккері-Анна Фоминична Волошина 94 жаста. Жеңіс күні қарсаңында ардақты ардагерлерімізге зор денсаулық тілейміз, әрине еңбегі мен ерлігі ел есінде, – деп бөлісті 3-ЖЭО Кадр бөлімінің бастығы Галина Горбовская.
БЖК ұжымы қазандық цехының жұмыскерлері, ардагерлер Ермек Сасықов пен Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушы және интернационалист жауынгер Ерлан Өркенбаевты құттықтады.
2-ЖЭО ұжымы турбиналық цехтың слесары, интернационалист жауынгер Серікбай Екейбаев және Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейтуге қатысқан станцияның екі машинисі: Мәлік Сайдығұлов пен Бағдат Мәметовке ерекше назарын аударды.
– Бізді ұмытпай, естеріңізге алғандарыңызға өте қуаныштымыз. Станция басшылығына және кәсіподаққа, біздің цехком Ирина Межевскаяға ерекше алғысымды білдіремін, – деп бөлісті Бағдат Мәметов.
Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-тің төрт жұмыскерін мереке қарсаңында құттықтады.
- Бізге көрсеткен құрметіңіз, сізге жақсылық пен бақыт әкелсін! Менің осындай керемет адамдармен жұмыс жасайтыныма қуанамын. Нұр үстіне нұр жаусын! – деп алғысын білдірді ЭМЦ станциясының электр газбен дәнекерлеушісі Николай Черкасов.
«Энергожөндеу» ӨЖК төрт тыл ардагері мен он интернационалист жауынгерді құттықтады.
«АлЭС» АҚ барлық ардагерлері Жеңіс пен бейбітшілік ісіне қосқан үлестерін еске алатын компания ұжымына алғыстарын білдіреді.