А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО: Өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы «Ақыл-ой шайқасы»

Наурыз айында А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-де "Ақыл шайқасы" конкурсын өткізді. Іс-шараны Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің жұмыскерлері, басшысы Александр Чукалин және қызмет инспекторы Наргиз Тавбаева мен Ләззат Жампозова дайындады. Барлық тақырыптар өнеркәсіптік қауіпсіздік, қауіпсіздік мәдениеті, экология және еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты болды. Викторинаға әр түрлі цехтардан бес команда қатысты.

– Өндірістік қауіпсіздік туралы цехта жұмыс орнында оқыған басқа, ал ойын барысында сұрақтарға жауап берген мүлдем өзгеше. Бәсекелестік рух пайда болып қызықты болады, – деп атап өтті Бу турбиналарын басқарудың орталық жылу қалқанының машинисі, викторинаның жеңімпазы Азамат Досқожаев. – Викторина барысында біз еңбек шоғырлануымызды нығайттық, жадымызды жаңарттық. Қауіпті өндірісте жұмыс істегендіктен, біз үшін бұл өте өзекті мәселе.

– Қазылар алқасы бірауыздан жеңімпазды анықтады. Жалпы, іс-шараны ұйымдастырушыларға үлкен алғыс айтамыз. Мұнымен тоқтап қалмай, басқа да тақырыптар бойынша жаңа викториналар өткізу қажет: станция туралы, АлЭС туралы, энергетиктер туралы, – деп бөлісті Экономика бөлімінің бастығы, қазылар алқасының мүшесі Бақытжан Тоқшараев.

Баптау және табиғатты қорғау қызметі цехының бастығы Дүйсенғали Солтанбаев викторина тақырыбына экология мәселелері енгізілгенін атап өтті. Бұл қазір өзекті мәселе.

– Конкурс қатысушыларының викторина сұрақтарына жауап бергенін қадағалау өте қызықты. Барлығы жақсы білім деңгейін көрсетті. Біздің жұмыскерлер әрқашан біздің мақтанышымыз. Викторина мұны тағы да дәлелдеді, – деп жалғастырды Кадр бөлімінің бастығы Жадыра Солтанова.

Викторинаның барлық қатысушыларына кәсіподақ сыйлықтары табысталды.