АлЭС әйелдер клубының көктемгі кездесуі

Наурыз айының басында "АлЭС" АҚ Әйелдер клубының кезекті отырысы өтті. Компанияның әрбір өндірістік департаменті өз өкілдерін клубтағы кездесуге жібереді, олар өздерінің алған әсерлерімен департаментінде бөлісе алады.

3-ЖЭО ұйымдастырушыларының таңдаған тақырыбы – "Парамедик". Станция жұмыскерлері кездесу бағдарламасын егжей-тегжейлі ойластырды. Басында станция бойынша танымдық экскурсия өтті. Содан кейін тақырып бойынша қызықты презентация өткізілді. Практикалық тапсырмалар үшін медициналық қызметкерлер тартылды. Барлық қыздар клуб жұмысына белсенді қатысты.

– Экскурсияда біз станциядағы өндіріс ерекшеліктерін өз көзімізбен көре алдық. Адамдардың көмірді қолмен түсіріп жатқаны мені таң қалдырды, – деп бөлісті Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО жөндеулер қызметінің 1-ші санатты экономисі Айзада Тілеухан. – Мен үскен кездегі қауіпсіздік шараларын ерекше есімде сақтадым. Алғашқы көмек көрсету кезінде шынында не істеу керек. Мен үшін жас маман ретінде мұндай кездесулер өте пайдалы және қызықты, өйткені ол жерде тәжірибелі мамандардан көп нәрсе үйренуге болады. Материалды ұсына отырып, қалай қызықты етіп жеткізу керектігін өзіме түртіп алдым.

Гүлжан Бақтыбаеваға алғашқы көмек көрсету бойынша танымдық ақпарат ұнады. Ол кездесудің жүргізушісі 3-ЖЭО еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инспекторы Назым Зикированы ерекше атап өтті.

1-ЖЭО логистика бөлімінің инженері Индира Мәндібаева Әйелдер клубының отырысына бірінші рет қатысты. Ол басшы әйелдердің жас буынмен өз білімдерімен, өмірге, жұмысқа және қоғамға деген көзқарастарымен бөліскенін көріп қызығушылық танытты. Жас ұрпақтың көшбасшылық ұстанымын қалыптастыру дегеніміз осы.

Сондай-ақ, "Энергожөндеу" ӨЖК жұмыскерлері А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да өткен кездесуді еске алды. Оның тақырыбы "Бала тәрбиесі: отбасы ережелері, құндылықтары мен дәстүрі" болды. Ол кездесуге "Сана сезім" қорының директоры және практик психолог шақырылған болатын. Диалог өте қызықты, ашық және танымды болды.

Батыс жылу кешені ӨТБ инженері Әйгерім Омарова көптеген сұрақтарға жауап алғанын айтты. Кездесудің барлық қатысушыларына үй және автокөлік дәрі қобдишалары туралы ақпарат таратылды.

– Әйелдер клубының идеясы өте жақсы, қызықты және танымдық, – деп жалғастырды "Энергожөндеу" ӨЖК 2-ЭЖЖЦ еңбекті ұйымдастыру және нормалау жөніндегі инженер Наталья Дербина. – Мен клуб жұмысына төртінші рет қатысып отырмын, осы уақыт ішінде көптеген қызықты ақпарат алдым. Маған гендерлік саясат мәселелері жөніндегі тәуелсіз сарапшы Әлия Ілиясовамен кездесу өте ұнады. Тақырыптың ашылғаны соншалық, уақыттың қалай өткені байқалмады. "Энергожөндеу" ӨЖК әйелдері ұйымдастырған әйелдер клубының кездесуі де есте қалды. Іс-шараға психологтар шақырылды, қызықты тренингтер конкурстар өткізілді, бейнероликтер қаралды. Психологтар біздің көптеген сұрақтарымызға жауап беріп, пайдалы ақпарат берді. Өзім осы кездесуден кейін көптеген тұжырымдар жасадым, қызыммен қарым-қатынаста қолдандым және отбасымдағы кейбір құндылықтарды қайта қарадым. Ал 3-ЖЭО-да кездесу жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы көмек көрсетудің практикалық дағдыларын берді. Біздің компанияда Әйелдер клубының барына қуаныштымын, ұйымдастырушыларға алғыс айтамын.

Естеріңізге сала кетейік, "АлЭС" АҚ Әйелдер клубы 2022 жылдың тамыз айында құрылған. Клуб отырыстары тұрақты негізде өткізіледі. Компанияның барлық ниет білдірген әйелдері оның іс-шараларына қатыса алады. Келесі кездесу сәуір айында А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО алаңында жоспарланған.