Ең бастысы – мақсат қою және үнемі білімге деген ұмтылыс...

А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО баптау және табиғатты қорғау қызметі цехы өндірістік зертханасының бастығы Елена Кимнің пікірі

Химия, ғылым ретінде менің өміріме кездейсоқ келген жоқ, анам Қостанай химиялық талшық зауытында химия зертханасының бастығы болып жұмыс істеді. Маған химияға деген қызуғышылық анамнан дарыған болар. Сондықтан мамандық таңдау анық болды.

Институтты бітіргеннен кейін Қостанай химиялық талшық зауытында зертханада инженер болып жұмыс істедім. Тұрмыс құрып, Тараз қаласына көштім. Энергетикаға кездейсоқ келдім, 4-ЖЭО кадр бөліміне түйіндеме тапсырдым, химиялық цехтың су дайындау аппаратшысының бос орны болған екен. Менің дипломым ұнап жұмысқа қабылдады.

Бірінші жұмыс күні үлкен жабдықтың шуылымен есте қалды. Мұндай үлкен және күрделі жабдықты қарапайым адамдар басқаратыны, олар онымен жұмыс істеуден қорықпайтыны және ол үшін жауапкершілікті өз мойнына алатыны мені таң қалдырды.

Химиялық цех аппаратшысы, кейін зертхана бастығы, уақыт өте екі химиялық цех пен екі зертхананы қамтитын химиялық қызмет бастығы қызметін атқардым. Содан кейін үш жыл "Vicat Group" француз компаниясында Қазақстан – француз бірлескен цемент зауытында зертхана инженері, бес жыл Құмкөл кен орнында мұнай-газ зертханасының бастығы болып жұмыс істедім.

Әр түрлі өндірістік салаларда жұмыс істей отырып, энергетикадағы жұмыс ең маңызды, қажетті және өмірді қамтамасыз ететінін сенімді түрде айта аламын.

2018 жылдың тамыз айынан бастап А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО баптау және табиғатты қорғау қызметі цехының өндірістік зертхана бастығы болып жұмыс істеймін.

Менің 2-ЖЭО-дағы алғашқы тәлімгерім Қалиев Бауыржан Болатұлы, қазіргі таңда станцияның бас инженері қызметін атқарады. Керемет адам, өз ісінің маманы, зертханада химиялық талдауға қатысты барлық мәселелерді зерттеген өте сауатты маман.

Біздің зертхана мазут, көмір, май, газ және өндірістік сулардың сапа көрсеткіштерін бақылайды. Барлық бағыттар бойынша зертхана ұжымының өндірістік жұмысына бақылау жүргіземін. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы қызметкерлермен жұмыс жүргіземін: нұсқамалар, директивалық материалдарды пысықтау.

Көбінесе өндірісте химиялық режимге байланысты сұрақтар туындайды, олар ізденуді, ойлануды қажет етеді. Ұжыммен бірлесіп зертхана және станцияның су-химиялық режимі бойынша міндеттерді шешеміз.

Мен өндірістегі процеске қатысты нұсқасы расталған кезде химиялық аналитикаға қатысты мәселелерді шешкенді ұнатамын.

2-ЖЭО зертханасында карбонат пен кальций сульфаты бойынша тежелу тиімділігіне ИОМС минералды тұздар шөгінділерінің ингибиторын кіріс бақылау әдістерін енгіздім. Бұл талдау 2-ЖЭО орталық зертханасы негізінде сапалы ингибитор үлгілерін анықтауда тиімді. Химиялық цех сүзгілерінің жұмысын бақылау үшін катионит пен аниониттің айырбастау сыйымдылығын анықтау әдістемесін енгіздім, сонымен қатар ион алмасу шайырларына кіріс бақылауын жүргізу кезінде қолданылады.

Басшыға өз бөлімшесінің әрбір қызметкеріне құрметпен қарау өте маңызды деп санаймын. Егер зертхана жақсы деп саналса, онда ең алдымен зертхананың әрбір зертханашысы мен инженері өз жұмысын сапалы және адал атқаратындықтан, бұл үшін мен оларға әрқашан ризамын. Менің міндетім – өз жұмысын білетін қызметкерлерді оқыту және даярлау.

Өзімнен кейін, энергетика саласындағы басқа зертханалармен бәсекелесуге қабілетті білікті персоналы және заманауи зертханалық жабдықтары бар мықты зертхана қалдырғым келеді.

Мен білікті маман, химик-аналитик-технологпын. Қазіргі таңда біздің 2-ЖЭО-да сауатты да, жұмысқа қабілетті зертхана. Бізге химияны білгісі және түсінгісі келетін, сонымен қатар болашағын байланыстырғысы келетін жас мамандар келеді.

Мен үшін өмірдегі ең бастысы – мақсат қоя білу және білімге деген ұмтылыс.

Егер өмірде бәрін қайтадан бастауға мүмкіндік берсе, мен міндетті түрде осы жолды қайта таңдар едім.