Көктемгі мереке қарсаңында "АлЭС" АҚ ер азаматтары компанияның аруларын құттықтады
Ұжымның ер азаматтары 8 Наурыз – халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, шынайы көңілден шыққан ізгі тілектерін жолдады.
– Шынында да, көктемнің ең керемет қасиеттерін бейнелейтін әйел қауымы: шуақты күлімсіреу, күтпеген көктемгі найзағай, алғашқы жапырақтардың нәзіктігі мен балғындығы, – деп атап өтті "АлЭС" АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Киркинбаев құттықтау сөзінде.
"АлЭС" АҚ өндірістік департаменттерінің барша ер азаматтар нәзік жанды әріптестерін ерекше назарға бөледі.
Эли Ермек, 3-ЖЭО БӨҚжА инженері көктем барлық әйелдерге көптеген әдемі сәттер мен шуақты күлкі сыйлауын шын жүректен тілейді.
– Таңертең жұмыста бізді тосын сый күтіп тұрды. Музыка, түрлі-түсті шарлар, көктемгі қызғалдақтар және сыйлықтар. Ер азаматтардың ерекше құрметі мен жылы лебіздеріне алғыс айтамыз, – деп бөлісті Тарифтер бөлімінің бастығы Гаухар Ибрагимбекова.
Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС АҚ және ТЖ штабының бастығы Қайрат Жақсыбаев: "Бүгін біз барлық ГЭС әйел азаматтарын құттықтадық. Баршаңызға отбасылық амандық, бейбітшілік, жақсылық және ең бастысы денсаулық тілеймін. Бізде осындай әдемі де, сүйкімді сұлуларымыздың барына қуаныштымыз".
Ал Батыс жылу кешенінің ер азаматтары гүл шоқтары мен сыйлықтарын алып, әріптестерін көктемгі мерекемен құттықтауға шықты!
– Біздің нәзік жанды әріптестеріміз керемет. Оларға жұмыс киімі де құйып қойғандай. Олардың нәзіктігі мен жарқын жүздері бүгінгі тамаша күндей сәуле шашып тұрады! – деп бөлісті БЖК қазандығының бастығы Алиаскар Меденов.
Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО ер азаматтары өз әріптестеріне еңбекқорлығы, таланты мен өз ісіне адалдығы үшін ризашылықтарын білдірді. Ерлер ұжымы сыйлықтар, гүлдер және ең бастысы мерекелік дастархан дайындады.
– Әріптестеріміздің еңбегі қоғамымыз бен экономикамыздың дамуына зор үлес қосады. Сіздердің құнды еңбектеріңіз бен кәсіби қызметтегі жетістіктеріңіз үшін мың алғыс. Сіздер-бұл әлемді жарқын ететін жансыздар, – деп құттықтады Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО жөндеулер қызметінің бастығы Әсет Әмірбеков.
Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Жөндеулер қызметінің экономисі Айзада Тілеухан:
– Менің ойымша, әрбір әйел заты жанына жылы сөздер мен мақтаулар естігенді қалайды. Біздің ер азаматтардың осындай көтеріңкі көңіл сыйлап, ерекше құрмет көрсеткендеріне алғысымызды айтамыз.
"АлЭС" АҚ-да 3 114 адам жұмыс істейді, оның ішінде әйелдер 20%. Айта кетсек, бұл көптеген жылдар бойы келе жатқан тұрақты көрсеткіш. Компанияның тең мүмкіндіктер қағидатын ұстануы басшылықтағы әйелдердің өкілдігін ұлғайтуға да айқын көрінеді: 2019 жылы Басқармада – 14%, 2023 жылы – 12,5%. Директорлар кеңесінде: 2019 жылы – 0% және 2023 жылы – 28,6%.
Сұлулық әлемді құтқарады демекші, бұл қағида энергетика саласына да қатысты, өйткені әйел жүрегі махаббатқа, жылулыққа толы, оның жылуы бүкіл әлемді жылытады! Мереке құтты болсын, қымбатты әйелдер қауымы!