Ілмекпен тоқу. Қызығушылықтан басталған өнер

Каскад ГЭС автоматты телефон байланысының технигі Надежда Майхрович өзінің хоббиі туралы айтып берді

Ілмекпен тоқуға қызығушылық жақында пайда болды деп айтуға болады. Мен ол кезде Қазақтелекомда жұмыс істедім. Қыздардың бірі жұмысқа жақын жердегі ілмекпен тоқу курстарына баруды ұсынды. Біз қуана келістік.

Мен кәдімгідей қызыға бастадым және жаңа нәрсені үйренуге деген ұмтылыс болды. Бізге өз ісінің шебері, керемет оқытушы сабақ берді. Өзіне бала кезінде әжесі үйреткен.

Осылайша біздің ілмек пен схеманы білуге арналған қызықты күндеріміз басталды. Бірден бәрі ойдағыдай болды деп айта алмаймын, бірақ өз қолыңнан шыққан дүниені жасауға ұмтылыс болды. Бір ай курста бізге тек тоқудың негіздерін үйретті. Тоқу процесі мені баурап алды, содан өзімнің шеберлігімді одан әрі жетілдіремін деп шештім. Расында, солай болды.

Менің алғашқы үлкен жұмысым сыйлыққа жасаған орамал болды, оны бір аптада тоқыдым. Мұндай жылдам нәтижеге таң қалдым. Бұл жоба өте қызықты болды, кәдімгідей шыдамдылықты қажет етеді.

Бірде мен өзіме кардиган тоқуды бастадым, бірақ өлшемін дұрыс алмаппын. Бәрін тарқатып қайта тоқуға тура келді, ұзақ уақытқа созылды, бірақ нәтиже ұнады. Көктемде және күзде мен оны қуана киемін.

Мен тапсырыс бойынша тоқығанды ұнатпаймын. Өзімнің тоқығанымды сыйлыққа беруім мүмкін, әдетте бұл жақындарым. Жиеніме осылай екі шарф тоқып бергенмін, ол қуана қабылдады, біреуі өте жылы, екіншісі көктемде пальтомен киетін жұқалау түрі.

Тоқуға әртүрлі иірілген жіптерді қолданамын, сонымен қатар тоқитын нәрсеге байланысты. Идеяларды интернеттен іздеймін, мамандандырылған журналдарды сатып аламын. Мысалы, "Сән журналы. Ілмекпен тоқу". Не тоқығанды ұнататынымды нақты айта алмаймын. Егер шабыт болса, өзіңізге де, балаларыңызға да тоқи аласыз.

Егер қолмен жұмыс істеуге қызығушылық танытатын, шыдамдылығы бар адамға ілмекпен тоқуды үйренуге кеңес беремін.