Күнде жаңа идея…

АлЭС-те "АлЭС vibe" корпоративтік челленджі жалғасуда

Челлендж эстафетасын А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО жұмыскерлері үлкен қызығушылықпен қабылдады. Қаңтардың екі аптасында олар станцияның өмірін тик-ток нұсқасында дайындады.

– Бізге Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО ролигі өте ұнады. Сондықтан, эстафетаны қабылдағаннан кейін біз күн сайын жұмысқа жаңа идеялармен келетін болдық. Ал вахтадағы әріптестер түскі үзілісте бізбен кездесіп, өз ойларымен бөлісті, – деді Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің инспекторы Наргиза Тавбаева.

 

Бұл челлендждің негізгі мақсаты Компанияның корпоративтік рухын көтеру болып табылады. Ролик түсіруге барлық қатысушылар қызығушылық танытып, уақыттың қалай тез өткені байқалмады. Бейнероликті әр түрлі жастағы жұмыскерлер түсірді.

– Біз нағыз әртістер секілді өз рөлімізді атқардық. Бір бейнеден екіншісіне ауыса отырып, рөлді алып шығуға тырыстық. Менің ойымша, біздің талантымыз – айналамыздағы адамдардың ғана емес, өзіміздің де эмоцияларымызды оята алды, – деп жалғастырды орталық жылу қалқанының 6-разрядты машинисі Азамат Досқожаев.

А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО эстафетасын 3-ЖЭО жұмыскерлері қабылдады. Естеріңізге сала кетейік, челленджге әр жұмыскер қатыса алады. Акция жыл соңына дейін жалғасады, оған барлық өндірістік департаменттер қатысады деп жоспарлануда.

Челлендж қатысушылары:

1) Диас Кенехан, электр станциясының автоматикасы мен өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі;
2) Әбіш Аліпбек, ӨБАЖ инженері;
3) Нұрдияр Аханжанов, электр станциясының автоматикасы мен өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі;
4) Рахат Сабырқұл, электр станциясының автоматикасы мен өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі;
5) Берік Кеңес, электр станциясының автоматикасы мен өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі;
6) Мирас Сабыр, электр станциясының автоматикасы мен өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі;
7) Айнаш Байғабыл, электр станциясының автоматикасы мен өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі,
8) Салтанат Абитаева, 1-санатты техник;
9) Габит Шарафутдинов, РҚА жөніндегі инженер;
10) Азамат Досқожаев, орталық жылу қалқанының машинисі;
11) Александр Чукалин, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің бастығы;
12) Әділ Құлыпов, техникалық пайдалану жөніндегі аға инспектор;
13) Ләззат Жампозова, еңбекті қорғау жөніндегі аға инспектор;
14) Наргиза Тавбаева, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің техникалық қадағалау жөніндегі инспекторы.

Челлендж «АлЭС vibe» ТЭЦ-2 им. А.Жакутова, 02.02.2023