АлЭС-те боулинг турнирі өтті

Желтоқсан айының соңында ұйымның корпоративтік рухын, ұжымның бірлігін нығайту, сондай-ақ "АлЭС" АҚ жұмыскерлерінің салауатты өмір салтын қолдау мақсатында "AMANAT" партиясы Әуезов аудандық филиалының "АлЭС" АҚ бастауыш партия ұйымының мүшелері арасында боулинг бойынша турнир өткізілді.

– Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша партия съезінде 2022 жылғы наурыздан бастап партиялық жарналардың 20 пайызы енді ай сайын бастауыш ұйымдарға жіберілетін болады. Сондықтан біз жақынырақ танысу, араласу үшін Жаңа жыл қарсаңында жиналуды шештік. Баршаңызды партия мүшесі болуға және біздің спорттық, бұқаралық – мәдени іс-шараларымызға қатысуға мүмкіндік алуға шақырамыз, – деді "АлЭС" бастауыш партия ұйымының төрағасы Бақдәулет Үстенов.

"AMANAT" партиясы бастауыш партия ұйымының хатшысы Фариза Ботақараева партия мүшелері арасында боулинг турнирі алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өтті. Бұған дейін Әуезов ауданының тұрғындары үшін іс-шаралар өткізген едік, енді әріптестерімізді қуантуды шештік. Бұл тек бастамасы. Болашақта біз түрлі іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз. Спорттық, бұқаралық-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, тренингтер, семинарлар және т.б.

Ойын қызықты өтті. Турнир дене шынықтыру мен кәсіби шеберлікті қажет етпеді. Турнир қорытындысы бойынша:

1 орын иегері – 1-ЖЭО командасы

2 орын иегері – БЖК

3 орынды 2-ЖЭО мен Каскад ГЭС иеленді

Турнирдің үздік ойыншысы БЖК-дан Самат Жұмабеков болды. Жүлделі орындарға ие болған командалар материалдық сыйақы алды, ал барлық ойыншылар буфетте бірге тамақтанды.

– Осындай тамаша кеш үшін АМАНАТ партиямызға алғыс айтамын! Боулингті сирек ойнаймын. Мен YouTube-те боулингшілердің (bowler) кәсіби ойнағанын көрдім. Бұл жолы жаңа келген ойыншы секілді бастадым, бірақ қол сәл үйреніп қалған сияқты және бүкіл команда қолдап тұрғанда жауапкершілікті сезініп, өзіңді жеңіске жетелейді екенсің! Басқа командалар ұпай жинаған ұтқан кезде қуаныш сезімін сөзбен жеткізу мүмкін емес! Әрине, бәрі тамаша болды. Осы турнирге қатысуға мүмкіндік берген 1-ЖЭО әкімшілігіне алғысымды білдіргім келеді, – дейді 1-ЖЭО командасының капитаны Бауыржан Бектұров.

"Энергожөндеу" ӨЖК департаменті командасының капитаны Данияр Батыров "Аманат" партиясының "АлЭС" АҚ департаменттері арасында боулингтен өткізген спорттық турнирі жоғары деңгейде өтіп, керемет көңіл-күй сыйлағанын атап өтті. Әріптестермен бәсекелес бола отырып, біз көптеген жағымды эмоцияларға, сонымен қатар жақсы, позитивті көзқарасқа ие болдық, бұл әркімнің денсаулығы үшін өте маңызды. Турнир ұйымдастырушылары мен қатысушыларына үлкен рахмет!